Педагогикалық шеберлік орталығы

«Мұғалімнің зерттеушілік дағдыларының дамуындағы педагогикалық қауымдастықтың өзара әрекеттесу тәсілдері»

21.10.2019

Барамбаева Карлыгаш Айтбаевна,
Қарасу ауданы, Қарасу жетекші
мектебінің үйлестірушісі

Жетекші мектептің тақырыбына сәйкес «Жаңа педагогикалық және ақпараттық – коммуникативтік технологияларды енгізу арқылы білім беру үдерісінің сапасын арттыру» «Қарасу орта мектебі» ММ базасында «Интернет-технологиялар критериалды бағалау жүйесінің шеңберінде оқу үдерісінің қолдауын қамтамасыз ететін құрал ретінде» Интербелсенді алаң өтті.

Интербелсенді алаң барысында басты тақырыптардың бірі «Интернет-технологиялар критериалды бағалау жүйесінің шеңберінде оқу үдерісінің қолдауын қамтамасыз ететін құрал ретінде» талқыланды. Интербелсенді алаң Интербелсенді алаңды өткізу мақсаты: Бағалау үдерісінде тиімді қолдану, тәжірибені қорыту және бөлісі үшін сериктес мектептердің мұғалімдерін Интернет-технологиялардың құралдарымен қамтамасыз ету.

Мұғалімдерге арналған аймақтық алаңдардың тиімділігі тәжірибе алмасу, ынтымақтастық, педагогикалық тәжірибелерді тарату, кәсіби тақырыптарға байланысты қатынасуда.

Барлық іс-шараларды аяқтау бойынша GoogleForms онлайн-сервистің көмегімен қорытынды жасалып, онлайн – рефлексия өткізілді.


Тізімге кері қайту