Педагогикалық шеберлік орталығы

Ольховик Ирина Николаевна

Ольховик Ирина Николаевна 28.05.2020 Жұмыс орны: БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қ. №3 ЖОББМ
Оқытылатын пәні: информатика
Санаты: жоғары, педагог-зерттеуші
Педагогикалық еңбек өтілі: 25 жыл

Ольховик Ирина Николаевна, жоғары санатты информатика пәні мұғалімі, 2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында бірінші (ілгері) деңгейлі курсын, 2016 жылы Орал қ. ПШО «Тәжірибедегі рефлексия» курсын тәмәмдады.
Ирина Николаевнаның әдістемедік тақырыбы «Развитие навыков самооценивания в системе формирования саморегуляции». Жоғары ғылыми, теориялық және әдістемелік дайындығы бар. Мұғалімнің сабақтары жұмыстың әр түрлі формалары мен әдістерімен ерекшеленеді. Оның әр түрлі танымдық белсенділігі бар оқушылармен жұмыс жасайтын орасан зор шығармашылық қабілеті және мүмкіндігі бар.
Мұғалім жыл сайын әр түрлі көлемдегі конферецияларға қатысады. Бірнеше қайтара жас мамандарға арналған Халықаралық «Жаңа ұрпақ мектебі» Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев зияткерлік мектебінің қатысушы болды. Сондай-ақ, Ирина Николаевна - жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқулықтарды енгізу жөніндегі сараптамалық комиссияның мүшесі.
И.Н. Ольховик, облыс ұстаздарына арналған семинарлар мен шебер-сыныптардың белсенді қатысушысы, «Орал көшбасшылары» желілік қоғамдастық әкімшілігінің бірі.
Оның 9-11 сынып оқушылары бірнеше рет Халықаралық ғылым негіздері олимпиадаларының, облыстық “DigitalArt” ғылыми жобасының лауреаттары мен жүлдегерлері, алғыс хат иегерлері атанды.
2018 жылы облыстық пән мұғалімдеріне арналған АҚ «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» филиалы өткізген «Ең үздік контент сабақ» І орын, облыстық «ПОВОРОТ НА 180 ГРАДУСОВ - 180 DEGREES TURN» онлайн эссе конкурсында ІІ орын иеленді.
Мұғалім «Информатика» пәні бойынша «Разработка и экспертиза заданий для оценивания» мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсын, «Формирование профессиональных умений и навыков деятельности учителя по организации учебного процесса в условиях обновления содержания среднего образования в РК» жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын, «Программирование, робототехника и 3D-принтинг» элективті курс бойынша политехникалық цикл ұстаздарына арналған курсын өтті.
Ирина Николаевнаның әдістемелік материалдары «Білім - білімді ел» республикалық білім беру қоғамдық-саяси газетінде, «QAZAQ BILIMI» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналында, интернет-ресурстарда жарияланды.
Ол 2019 жылы формативті бағалау бойынша аймақтық интерактивті жинақты құрудағы қатысушылардың бірі болды.
Ирина Николаевнаның педагогикалық жұмысы ОБББ құрмет грамоталарымен, вице-министрлер Э.Суханбердиева, Ш. Каринова қол қойған алғыс хаттармен бағаланды.

Тізімге кері қайту