Педагогикалық шеберлік орталығы

Сисенова Шолпан Сериккалиевна

Сисенова Шолпан Сериккалиевна 28.05.2020 Сисенова Шолпан Сериккалиевна – тәжірибелі ұстаз, педагог-зерттеуші, белсенді өмір салты мен әріптестік қарым – қатынасты жоғары деңгейде ұстай алатын өз ісінің шебер маманы. Қазіргі заманың талабына сай оқушыларды білім нәрімен сусындатуда мол әдістемелік қор жинақтап, тәжірибеде қолданып, жаңа технологиялар тілін меңгеріп, үздіксіз еңбек етіп келеді.

Шолпан Сериккалиевнаның бойындағы еңбекқорлығы, жан-жағындағы адамдармен тығыз қарым-қатынаста болуы мен тез тіл табысқыштығы, жауапкершілігі адами қасиеттерімен ұштасып жатыр деп айтуға болады.
Білім беру саласында талмай еңбек етіп келе жатқан, білімін үнемі жетілдіріп, өзгелерге үлгі бола білген кәсіби маманды қашан да жоғары бағалауға болады.


Жұмыс орны: Д.А.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия
Сабақ беретін пәні: орыс тілі мен әдебиеті
Санаты: педагог-зерттеуші

Қызметі туралы ақпараттар:
Әдістемелік тақырыбы: «Формативное оценивание как средство улучшения образовательных достижений учащихся»
Зерттеушілік тақырыбы: Оқушы үні
Мұғалім жетістіктері,байқаулар: Қалалық директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарларының байқауы.
«Білім. Инновация» -2 орын, 2018 ж., облыстық «Жетекші мектеп» байқауы-1 орын, 2019 ж., І Халықаралық жәрмеңке «Формула успеха; учимся, обучаемся» Шеберлік сыныбы,Орыс тілі пәнінен республикалық олимпиада – 1 орын, 2019 ж., облыстық «Сабақ контенті» байқауы – 2 орын, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ., 2019 ж.
Марапаттары: ҚР. Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2019 ж., Құрмет грамотасы БҚО білім Басқармасының, ҚБББ, облыстық әдістемелік кабинет пен ПШО., Орал қаласы.
Басылым,іс-тәжірибе тарату: «Эффективное формативное оценивание.Практические шаги совершенствования оценивания» республикалық жинақ.ПШО,Орал қ.,2019 ж.
2015 жылы ҚР педагог қызметкерлердің білімін жетілдіру бағдарламасы бойынша І деңгей курсын аяқтаған. 2017 жылы Орал қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдердің білім жетілдіру курсынан өтті.
Ұстаздың бағдарлап алған «Формативное оценивание как средство улучшения образовательных достижений учащихся» атты әдістемелік тақырыбы өте өзекті, оқытуда ғылыми көзқарас пен тәжірибелік алаң құруға үлкен мүмкіндік беріп,жол ашады.Шолпан Сериккалиевнаның әр сабағы жаңадан жаңаны табатындай, жоспарлы, түрленген, шығармашылықпен ұштасқан түрде өтеді. Сабақ барысында тиімді әдістермен оқушыларды жетелеп, оқушы мен мұғалім арасында үйлесім мен үндестік,белсенділік орын алып отырады.
Мұғалім жыл сайын Халықаралық және республикалық конференцияларға қалмай қатысып келеді. «Реализация полиязычного образования через внедрение в учебно-воспитательный процесс инновационных технологий» Щучинск қ.,2019 ж., Подготовка специалистов для казахстанской школы;обновление содержания и связь с практикой» 2019 ж, «Использование информационных ресурсов в образовательном процессе» 2019 ж.
Облыстық семинарларда өз әріптестеріне тәжірибесімен бөлісу мақсатымен шеберлік сағаттарын өткізумен қатар Шолпан Сериккалиевна «Зерде» желілік қауымдастығының модераторы. Желілік қауымдастық мектептер арасындағы байқаудың облыстық кезеңінде «Зерде» желілік қауымдасты І орынға ие болды. Ұстаз үнемі өз пәні бойынша республикалық деңгейде онлайн сабақтар өткізеді. Соңғы үш жылда мұғалімнің шәкірттері орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Халықаралық, республикалық олимпиада мен байқаулардан барлығы 35 диплом,мадақтама, алғыс хаттар алған.
2019 жылы Шолпан Сериккалиевна ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Тізімге кері қайту