Педагогикалық шеберлік орталығы

Өз эмоциямызды бақылау мен басқаруды үйренеміз

Эмоцияларды басқару қабілеті ұжымда салауатты қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Өз эмоциямызды басқаруды қалай үйренуге болады? Корпоративтік оқыту аясында 2 сәуір күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметкерлеріне арналған вебинар өткізілді. Онда эмоционалды өзін-өзі реттеудің әдістері мен тәсілдері талқыланды.

Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері З.Е. Идришева, С.Т. Камалова, Е.А. Маторина және Ж.Д. Джансугировалар қатысушылармен бірге интербелсенді форматта эмоцияларды басқарудың тиімді тәсілдерін қарастырды. Олар тәжірибелік жаттығулар арқылы оң эмоциялардың ұжымда жайлы жұмыс істеуде қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Вебинарға 500-ден астам қызметкер қатысты. Қатысушыларға кәсіби салада жақсы қарым-қатынас жасау үшін өз эмоцияларын қалай басқаруға, физикалық денсаулықты сақтауға қатысты құнды кеңестер мен ұсыныстар берілді.


 02.04.2021     451

Тізімге кері қайту