Педагогикалық шеберлік орталығы

ЖЕТЕКШІ МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫНА АРНАЛҒАН ВЕБИНАРЛАР СЕРИЯСЫ

Жетекші мектеп ұстаздарының онлайн сабақтарын бақылау қорытындысы бойынша мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығында бірқатар вебинарлар өткізілді.

2021 жылдың 24-26 ақпан аралығындағы үш күн ішінде 700-ден астам мұғалім келесі тақырыптар бойынша онлайн-оқытудан өтті: «Қалыптастырушы бағалау», «Барлық оқушыларды белсенді оқуға тарту», «Қашықтан оқыту кезіндегі кері байланыс». Вебинарлар кезінде мұғалімдер белсенді оқытуды жобалау бойынша практикалық жұмыстарға зор қызығушылықпен қатысты және қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарларды өткізуде ынтымақтастықпен атқарылған жұмыс нәтижесінде қатысушылар кері байланыста болды. Олар өткізілген іс-шаралардың өзектілігі мен құндылығына тоқталып, бұрын-соңды қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарын жеткізді және осы білім мен дағдыларды қолдануға дайын екендерін білдірді. Сонымен бірге мұғалімдер сабақ барысында АКТ құралдарын пайдалану, қашықтан оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер аясында қолдану сынды әдістемелік тақырыптарға сұраныстың жоғарылығын атап өтті.


 01.03.2021     848

Тізімге кері қайту