Педагогикалық шеберлік орталығы

Өзекті және пайдалы. Эмоциялық мәдениет: өз эмоциямызды қалай тануға болады?»

Қазіргі уақытта адамның көңіл-күйін анықтау әдістерін тиімді қолданудың маңызы зор. Ақпан айының 26-сы күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлері үшін «Эмоциялық мәдениет» тақырыбындағы вебинарлар сериясының «Эмоциялық мәдениет: өз эмоциямызды қалай тануға болады?» атты алғашқы бөлімі өтті.

Эмоциялық интеллект – жетістікке жету жолының негізгі шарты. Осы орайда, педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Күзембаева Камила Асыпқызы және Абылғазина Райхан Дәулетханқызы қазақ тілінде, Пак Владимир Славдиевич және Кашкенова Зәуре Төреғалиқызы орыс тілінде эмоциялық мәдениет ұйым жұмысына қалай әсер ететінін айтып берді. Қатысушылар өзін-өзі диагностикалау бойынша интерактивті жұмыс жүргізді және өз эмоцияларын тану, оларды басқару, өзгелердің эмоцияларын түсіну және тиімді әрекеттерді құруға қатысты сұрақтарға егжей-тегжейлі тоқталды.

Интерактивті режим вебинарында 1000-ға жуық қатысушы болды. Эмоциялар мен сезімдер туралы пікірлерді талқылау және білдіру қатысушыларға ұжымда эмоциялық климатты қалыптастыру процесін ұғынуға мүмкіндік туғызды.

Нақты жоспарланған әрі мазмұнды вебинарлар көптеген пайдалы ақпарат бере алды. Қатысушылар тренерлердің жұмыстарына алғыстарын білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады.


 26.02.2021     661

Тізімге кері қайту