Педагогикалық шеберлік орталығы

«Білімді ел – Образованная страна» газетінің арнайы басылымында көрініс тапқан жетекші мектептер тәжірибесі

 Бүгін,16 ақпан күні Республикалық «Білімді ел – Образованная страна» газетінің арнайы шығарылымы шықты!

   Күн тәртібінде – бүгінгі жетекші мектептер.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы еліміздің барлық өңірдегі жетекші мектептердің үздік тәжірибесін жинақтады. Сәтті жүзеге асқан практикалар, әдістемелік идеялар, тәжірибе алмасу – арнайы шығарылымда көрініс тапты. Мұғалім мәртебесі, педагогтерді әдістемелік қолдау, ауыл мектептерін зерттеу және өзге де құнды ақпараттар газет беттерінен орын алды.

 Қазақстанның жетекші мектептерінің барлық қатысушылары мен директорларына табысты ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

 «Білімді ел – Образованная страна» газетінің бас редакторы Ләззат Мақсұтқызы Түркістановаға ерекше алғысымызды айтамыз!

  Арнайы шығарылымды мына сілтеме арқылы оқи аласыздар:
https://cpm.kz/%D0%A1%D0%BF%D0%B5%D1%86%D0%B2%D1%8B%D0%BF%D1%83%D1%81%D0%BA%D0%9F%D0%BE%D0%92%D0%A8.pdf


 17.02.2021     660

Тізімге кері қайту