Педагогикалық шеберлік орталығы

2021 жылдың 30 қаңтарында Ақтөбеде Жетекші мектептердің жас мұғалімдеріне арналған «Жас қанат» өңірлік макрожобасы басталды

«Жас қанат» макрожобасына Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласындағы филиалы бастамашы болып отыр. Бастама Ақтөбе облысының Білім беру басқармасымен бірге жүзеге асуда. Макрожоба еңбек өтілі 3 жылға дейінгі Жетекші мектептердің 850-ден астам жастарын қамтыды. Сонымен бірге форум аясында жоба басталардан бір апта бұрын облыстың жас мұғалімдері арасында «Мен неліктен мұғалім атандым?» атты челлендж бастау алды. 

Форумға барлығы 600-ге жуық қатысушы тіркелді. Іс-шарада Ақтөбе облысы Білім беру басқармасының басшысы Уразбаева Ләззат Аманжолқызы құттықтау сөз сөйледі. Облыс педагогі мұғалім миссиясы мен осы мамандықтың құндылығына тоқталып өтті. 

«Шеберлер» форумы алаңының жұмысына, 2500-ден астам халықаралық олимпиада мен конкурстардың жеңімпаздарын дайындаған, есімі Гиннес Кітабына енген Муаммер Гүл есімді танымал ұстаз қатысты. Педагог өзінің табыстылығы мен шеберлігінің құпияларымен бөлісіп, жас мұғалімдерге жылы лебізін білдірді. Одан әрі алаң жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог 2018» байқауының жеңімпазы және «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының номинанты А.С. Жұмабеков жалғастырды. 

Сонымен қатар жетекші мектептердің жас мамандарын қолдауға бағытталған «Жас қанат» макрожобасының үш жылдық бағдарламасының тұсаукесері сәтті өтті. 

Форум соңында Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласындағы филиалының директоры Акимова Тавиля Адиетқызы сөз алып, жобаны облыстың Жетекші мектептерінің жастары қабылдайтынына және оның мыңдаған жас маманға мұғалім ретінде қалыптасуға көмектесетініне сенім білдірді. 

Форум «болашақ жұлдыздар шеруімен» өз мәресіне жетті. Символдық сипатқа ие бұл сәт үлкен аудиторияны бір мақсатқа тоғыстырды. Себебі макрожобаның мақсаты да облыс мұғалімдерінің жаңа буынын тәрбиелеу мен тұлғалық әрі кәсіби дамыту еді


 01.02.2021     696

Тізімге кері қайту