Педагогикалық шеберлік орталығы

«Шабыт» бағдарламасы: ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлы туралы сұхбат

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында белгілі өнер және ғылым қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер өткізу игі дәстүрге айналды.

29 қаңтарда Педагогикалық шеберлік орталығы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған кезекті онлайн-кездесу ұйымдастырды.

«Шабыт» бағдарламасының қонағы жазушының немере інісі, белгілі журналист, Тараз қаласындағы «Бауыржантану» зерттеу орталығының қызметкері Бекет Момынқұл болды. Ол кісі 11 жылдан астам уақыт бойы атасының шығармашылығын зерттеп келеді.

Қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алған Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Бауыржан Момышұлының ерліктері мен өскелең ұрпақты патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеудегі өмірлік ұстанымдары мен құндылықтарының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар жазушының мұрағат құжаттары, күнделіктері мен қолжазбалары туралы көптеген қызықты мәлімет алды.

Еліміздің барлық аймақтарынан 1000-нан астам ұйым қызметкері қатысты. Кездесу өте жылы және есте қаларлықтай өтті.  

Көрермендер қонаққа үлкен алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.


 01.02.2021     717

Тізімге кері қайту