Педагогикалық шеберлік орталығы

Критериалды бағалау тақырыбында каникулдық мектеп бастауын алды

Күзгі демалыс кезеңінде, 09–13 қараша аралығында, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – ПШО) еліміздің барлық өңірлерінде қашықтан оқу форматында критериалды бағалау бойынша бес күндік сабақ өткізеді. 1500-ден астам негізгі мектеп мұғалімдері қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика, физика, биология, география, информатика, тарих, химия пәндері бойынша sdo.cpm.kz платформасында қашықтан оқу форматында оқиды.

Мұғалімдер оқу нәтижесінде нені үйренеді? Бағалау критерийлерін тұжырымдауды, ойлау дағдыларының деңгейін белгілеуді, оқыту критерийлері мен мақсаттарына сәйкес бағалау тапсырмаларын әзірлеуді, бағалау құралдарына сараптама жүргізуді үйренеді.

Бағалау бойынша каникулдық мектеп өз жұмысын қысқы және көктемгі демалыстарда жалғастырады.


 09.11.2020     722

Тізімге кері қайту