Педагогикалық шеберлік орталығы

Жетекші мектептердің аймақаралық онлайн форумын өткізу туралы

2020 жылы 6 қарашада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жетекші мектептерінің қатысуымен «Жетекші мектеп – кәсіби қоғамдастық көшбасшысы» аймақаралық онлайн форум бастау алды.

Форум жұмысы барысында білім беру мен басқару саласындағы 47 сарапшы мен практик жетекші мектептердің тиімді жұмысын ұйымдастыру идеяларымен бөліседі, қызмет нәтижелерін талқылайды және мектеп көшбасшылығының табысты тәжірибелерін ұсынады.

Педагогикалық өзара іс-әрекет, қоғамдастықтарды дамытудағы мектеп директорының басқарушылық қызметі, инклюзивті мәдениет, STEM – білім беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Аймақтың жетекші және серіктес мектептерінің өзара әрекеттесуінің 12 моделі ұсынылған виртуалды көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ Санкт-Петербургтың орталық ауданы мектептерінің кластерлік өзара іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері бойынша ICF сертификатталған коуч И.А. Салыгинамен (Ресей) телекөпір өтті.

Онлайн форумға 300-ден астам мектеп басшылары мен педагогтері, білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері қатысты.


 06.11.2020     666

Тізімге кері қайту