Педагогикалық шеберлік орталығы

Жалпы білім беретін мектеп басшыларының кадр резервін даярлау туралы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Ақтау, Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларында «Білім берудегі менеджмент: мектеп қызметін басқару» білім беру саласына басшылардың кадрлық резервін даярлау бағдарламасы бойынша педагогтерді оқытуды бастады. Қазіргі уақытта 100-ден астам тыңдаушы оқып жатыр. Сондай-ақ аталған бағдарлама бойынша Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында оқыту жоспарлануда.

Оқыту мектепті басқарудың нормативтік-құқықтық және қаржылық негіздерін, жан басына шаққандағы қаржыландыру ережелерін, Еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, стратегиялық жоспарлау әдістерін және педагогтердің кәсіби дамуындағы көшбасшылық тәсілдерді зерделеуді қамтиды.

Мектепішілік менеджмент мәселелері, атап айтқанда, басқару мәдениетінің компоненттері, басқару стильдері, басшының негізгі дағдылары, корпоративтік мәдениет, педагогтерді ынталандыру тәсілдері және тайм-менеджмент егжей-тегжейлі қарастырылады.

Статистикалық деректерді талдау, нәтижелерді мониторингілеу және бағалау, басқарушылық шешімдерді қабылдау, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру практикалық дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Әрбір тыңдаушыға барлық оқу кезеңінде әдістемелік қолдау көрсету үшін тәлімгер бекітілген.

Қорытынды бағалау тыңдаушының портфолиосын дайындауды білдіреді, ол әр модульдің нәтижелері бойынша тестілер мен практикалық жұмыстардың нәтижелерін, сондай-ақ құрылымдалған эссе жазуда көрініс табады.


 05.11.2020     698

Тізімге кері қайту