Педагогикалық шеберлік орталығы

Мұғалімдерге арналған «Кәсіби көпірлер» халықаралық онлайн-форумы

2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Кәсіби көпірлер» халықаралық онлайн-форумы өтті. Аталмыш іс-шара Қазақстан және Ресей педагогтерінің басын қосты.

Онлайн-форумның негізгі мақсаты – әдіснамалық тәсілдер мен тәжірибелердің кәсіби талқылау платформасын құру, кәсіби халықаралық әріптестікті ынталандыру.

Барлығы 600-ден аса педагог онлайн-форумға қатысты. Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Ж.Ж. Кәбдікәрімова өз сөзінде қатысушыларға сәтті қадам тілеп, Орталықтың әдістемелік тәсілдері, бағдарламалары мен тәжірибесі туралы баяндады. Ресей Федерациясының атынан сөз сөйлеген Орал мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры С.А. Минюрова әріптестерін университ жұмысының басты бағытындағы жобалары және жетістерімен таныстырды.

Сонымен қатар онлайн-форум бағдарламасының аясында Ресейдегі мектепке дейінгі білім беру, инклюзия мен дефектологиялық қолдау, математика және жаратылыстану-ғылыми білім берудің ерекшеліктері айтылды. Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері өткізген мектепішілік көшбасшылар командасын құру, мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби дамуы, AGILE-технологиялары туралы шеберлік кластары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Онлайн-форумның соңында тәжірибе алмасу мен әріптестіктің болашағы айқындалды.


 01.10.2020     537

Тізімге кері қайту