Педагогикалық шеберлік орталығы

«Информатика сабағында белсенді оқыту әдістері» онлайн курсын іске қосу

Педагогтердің біліктілігін арттыруды қашықтықтан жүзеге асыру және онлайн оқытуды дамыту шеңберінде 2020 жылдың 24 ақпанында Педагогикалық шеберлік орталығы «Knowledge Engineering» ЖШС-мен бірлестікте «Информатика сабағында белсенді оқыту әдістері» онлайн курсын іске қосты. 

«Информатика сабағында белсенді оқыту әдістері» онлайн курсы информатика пәні мұғалімдеріне, магистранттар мен әдіскерлерге, информатикаға және оны оқытуға қызығушылық танытқан барлық тыңдаушыларға арналады. 

Онлайн курс барлық оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру, білім беру үдерісіне тарту үшін оқытудың белсенді әдістерін таңдау, тәжірибеде қолдану және бағалау дағдыларын меңгертуге бағытталған. 

Бұл курс барлық қызығушылық білдіргендер үшін «Аcademia KZ» порталында төмендегі сілтемелері бойынша қолжетімді: қазақ тілінде (https://academia.kz/kz/course/102),  орыс тілінде (https://academia.kz/ru/course/93).


 25.02.2020     443

Тізімге кері қайту