Педагогикалық шеберлік орталығы

Нұр-Сұлтан қаласы педагогтерінің Жапониядағы екінші білім беру туры сәтті аяқталды

2020 жылдың ақпан айының 17-сі мен 19-ы аралығында Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Жапониядағы білім беру туризмі» жобасы аясында «Сабақты зерттеу: жапон мектептерінің тәжірибесі» (Токио қ.) тақырыбындағы халықаралық семинарға Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беретін мектептерінің директорлар мен мұғалімдер делегациясы қатысты. Тренерлер Байгаринова Жанна мен Идришева Зухра делегацияға жетекшілік етіп, шараларды ұйымдастырды. Білім беру турының мақсаты жапондық білім беру жүйесінде Lesson Study (Сабақты зерттеу) ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін зерттеу болды.

Делегация Білім беру министрлігінің базасында жапондық жетекші мамандар Тошия Чичибу мырзаның, Саясатты Зерттеудің Ұлттық Институтының аға зерттеушісі (NIER) және Масацугу Мурасэ, Азабу білім беру институтының директоры, Lesson Study-ді енгізу бойынша (Жапония, Индонезия, Сингапур, Мьянме) халықаралық кеңесші («Learning from children. Naked Celebrities of «Observation» in Lesson Study») семинарларына қатысты.

Сонымен қатар әріптестер Inaridai (Йокогама қ.) және Kamitabashi орта мектебіне барып сабақты талқылауға мүмкіндік алды. Сабақты талқылауға Токио қаласындағы әртүрлі мектептердің мұғалімдері қатысты, себебі Kamitabashi Lesson study саласындағы сараптамалық мектеп болып табылады. Мұғалімдер қорытынды жасай отырып, бір-біріне сабақтарды жақсарту бойынша әріптестерінің пікірін ескере отырып конструктивті ұсыныстар жасады.

Білім беру турын аяқтай отырып, делегация мүшелері тәжірибе алмасудың практикалық маңыздылығын ескеріп, Сабақты зерттеу бойынша жаңа тәсілдерді игерді. Өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейін, тиімді тайм-менеджмент және жапон мектептерінде талқылау ережелерін сақтауды ерекше атап өтті.

Қызықты мәдени бағдарлама Жапонияның сәулет ескерткіштері мен көрікті жерлерін аралауды қамтыды.


 24.02.2020     468

Тізімге кері қайту