Педагогикалық шеберлік орталығы

Педагогикалық шеберлік орталығының «Корпоративтік оқыту» жобасы басталды

2020 жылдың 14 ақпанында Педагогикалық шеберлік орталығында (бұдан әрі – ПШО) «Назарбаев зиякерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің кәсіби және жеке тиімділігін дамыту бойынша «Корпоративтік оқыту» жобасы басталды.

«Корпоративті мәдениетті дамытудың бес деңгейі» тақырыбында бірінші тренингті ПШО тренерлері Жолдасбаева С.А., Жүнісова Ф.Ү., Мукутов Т.К., Нөгербаев Т.К. өткізді. 57 қызметкер қазақ және орыс тілінде өткізілген тренингке қатысты.

Тренинг барысында корпоративтік мәдениет деңгейлерінің сипаттамалары талқыланды, корпоративтік мәдениеттің өзіндік деңгейін анықтау бойынша қатысушылардың өзіндік диагностикасына арналған жаттығулар өткізілді. Іс-шара қызметкерлердің кәсіби еңбек қызметіне және ұйымға деген көзқарасын анықтауға мүмкіндік берді.

Тренинг соңында қатысушылар оқытудың мазмұндылығын, тренерлердің жоғары командалық жұмысын атап өтіп, корпоративтік оқыту бойынша алдағы тренингтерге қызығушылық танытты.


 17.02.2020     620

Тізімге кері қайту