Педагогикалық шеберлік орталығы

Жоғары сапалы білім – уақыт, күш-жігер және серіктестіктің талабы

Жоғары сапалы білім – уақыт, күш-жігер және серіктестіктің талабы

2020 жылдың 6–31 қаңтар аралығында Түрікменстанның Ұлттық Білім беру институтында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ әзірлеген және «Түрікменстанның білім беру жүйесін қолдау» атты ЕҚ жобасымен ұйымдастырылған семинарлар өтіп жатыр. Осы біліктілікті арттыру курстары 2018 жылғы 14 қарашада ЕҚ жобасы мен НЗМ қол қойған меморандум негізінде жалғасын тауып отыр.

Төрт апта бойы Педагогикалық шеберлік орталығының 4 сертификатталған тренерлері орта мектептер мен арнайы мамандандырылған оқу орындарынан келген екі жүз мұғалімді «Мұғалім тәжірибесін зерттеу» және «Критерийге негізделген білім беру жетістіктерін бағалау» деген бағдарламалары бойынша оқытып жатыр. Сабаққа оқыту сапасын бағалау, білімді сертификаттау, білім беру қызметінің мазмұнының әртүрлілігі, құрылымы, нысандары мен технологияларының құралдары кіреді.

Сабақ құрылымына оқыту сапасын бағалау, білімді сертификаттау, білім беру қызметінің мазмұнының әртүрлілігі, құрылымы, нысандары мен технологияларының құралдары кіреді.Тыңдаушылар оқыту процесінде формативті бағалау стратегиясын қалай қолдануды үйренеді. Олар оқушылардың үлгерімін бағалауға арналған заманауи әдістермен және техникалармен танысады. Белгілі бір уақыт аралығында формативті бағалау мұғалімдерге оқушылардың оқу үрдісін бақылауға және олардың оқуын тиісті түрде түзетуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ оқушылардың сыныпта талқылауларға белсенді қатысуына ықпал етуі мүмкін.

Семинар барысында әлемдік стандарттарды елеусіз қалдырып сапалы білім беру мүмкін емес екендігі дәлелденді. Қоғамдағы, технологиялар мен білім берудегі өзгерістердің жылдам қарқынына ілесу үшін халықаралық ынтымақтастық қажет.

НЗМ-мен өңірлік ынтымақтастық аясында кез келген қоғамның ең құнды ресурсы ретінде адами капиталға инвестициялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін тиімді шешімдердің катализаторы бола алатынын дәлелдейді.


 14.01.2020     294

Тізімге кері қайту