Педагогикалық шеберлік орталығы

Критериалды бағалау бойынша каникулдық мектеп өз жұмысын аяқтады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі - Орталық) қысқы демалыс кезінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында критериалды бағалауды оқыту бойынша мектеп өткізілді. Каникулдық мектепке жалпы білім беру ұйымдарының 7500-ден астам мұғалімдері қатысты.

Демалыс мектебіндегі сабақтар 10 негізгі пән бойынша: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, биология, география, информатика, тарих, химия өткізілді.

Бұл іс-шараның бастамашысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болды.

Орталық тренерлері оқытуды практикаға бағытталған форматта ұйымдастырды және пән мұғалімдері бағалау құралдарын, тапсырмалардың жабық және ашық түрлерін жасау ережелерімен танысып, бағалау критерийлерін әзірлеуді, оқу мақсаттарына сәйкес ақыл-ой дағдыларын қалыптастыруды, тапсырмалардың сипаттамаларын құруды, баллдық сызбаны қолдану мен сараптама өткізуді үйренді.

Қатысушылар каникулдық мектепті өткізу туралы жағымды пікірлер айтты, оқытудың практикалық маңыздылығын атап өтті.

Орталық каникулдық мектеп жұмысын 2020 жылы әрі қарай жалғастырады. Еліміздің мұғалімдері оған көктемде, жазғы демалыста қатыса алады.

 

Қатысушылардың пікірлері:

https://www.instagram.com/m.tursunbaeva68/?igshid=px3nn1cad1xa

https://www.instagram.com/p/B7D4pLyjdBQt3sYChNLQgxVddVL0JlFRfXG4a00/?igshid=1wnhb0len8vac

https://www.instagram.com/p/B7D1DNSHQEb/?igshid=1szdzis7zj7h1

https://www.instagram.com/p/B7DLXM0pEJK/?igshid=11ptoui7wnar2


 09.01.2020     494

Тізімге кері қайту