Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

2019жылы 22 қараша күні жастар Жылы аясында Көкшетау қ. Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің қатысуымен жас педагогтардың ІІ облыстық форумы өтті.

Форумның мақсаты: жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру және кәсіби қиындықтарды жеңуге көмек көрсету. ПШО тренерлері «Критериалды бағалау: «Қара жәшік ішіндегі жұмыс» тақырыбы бойынша интенсив-тренинг өткізді. Әр қатысушы төрт оқыту алаңшада шағын топтарда қалаптастырушы бағалау компоненттері бойынша білімдерін тереңдетіп, жұмыс жасады. Педагогтар бірлескен іс-әрекет барысында мақсат қою алгоритмін құрастырды, кері байланысты тиімді қолдану, сұрақ қою маңыздылығы мен оқу үдерісінде өзара және өзін - өзі бағалаудың тиімді құралдары туралы тұжырымдар құрастыра алды. Форум қатысушылары кері байланысында іс-шара форматының тиімділігін атады, өйткені өзара оқыту тәжірибе алмасу алаңына айналып, толғандыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік болды.


 04.12.2019     547

Тізімге кері қайту