Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

Төртінші технологиялық революция қарсаңында әр педагог алдында қоршаған ортаның өзгерістеріне икемді болу қажеттілігі туындайды. Бұл өзгерістер кәсіби дағдылармен қатар негізгі кәсіпке қоса икемді дағдылардың тұрақты дамуын талап етеді. Сұранысқа ие қызметкер болу үшін кешенді міндеттерді шешуге: сыни және шығармашыл ойлауға, коммуникация мен эмоцияларын басқару дағдылары қалыптасуы қажет.

Еліміздің жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің білім беру бағдарламалары аталған дағдыларды қалыптастыруда әлі де болса артта қалуда.

Осыған орай, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы бастамасымен педагогикалық мамандық бойынша колледж бітіруші студенттері үшін «Skills_Club» клубын ұйымдастырылды. Клубтың мақсаты – студенттерге 21 ғасырдың кәсіпке қоса икемді дағдыларын дамыту тәсілдерімен таныстыру.

«Skills Club» клубы – табысты кәсіби-білімдік траекторияны құру мен іске асыруда студентке қолдау көрсету, дамыту кеңістігі. Филиал тренерлері клуб қатысушыларының өзара әрекеттесу түрлерінің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып soft skills-ті дамыту жүйелі курсын әзірледі. Клубтың жұмыс форматы – тренинг, талқылау алаңдары, фасилитациялық сабақтар, трансформациялық ойындар.

Клуб Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы көпсалалы колледж студенттері үшін ұйымдастырылды.

«Skills Club» клубы – болашақ құзіреттіліктерді дамытудың айрықша (open space) ашық алаңы.


 11.10.2019     501

Тізімге кері қайту