Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Ханты-Мансы автономиялық округі – Югра Білім және жастар саясаты департаменті арасындағы Ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Осының арқасында 2020 жылдан бастап ресейлік білім беру жүйесіне Зияткерлік мектептердің тәжірибесін енгізу басталады.

Ресейлік делегацияның Педагогикалық шеберлік орталығына келуі барысында олар оқытудағы жаңа тәсілдер мен тренерлерді кәсіби дамыту, педагогтерді курстан кейін сүйемелдеу және әдістемелік қолдау жүйесі, «Lesson Study Kazakhstan» жобасын іске асыру процессі бойынша Acguion (Аккредитациялау, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты, Германия) халықаралық сертификаттауынан өткен педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларымен танысты.

Шетелдік әріптестер баспа өнімдері қойылған көрмеге – «Педагогикалық диалог» журналына және қазақстандық педагогтер әзірлеген білім беру, психология, менеджмент проблемалары бойынша әдістемелік құралдарды тамашалап, қызығушылық танытты.


 10.10.2019     519

Тізімге кері қайту