Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

2019 жылғы 1-2 қазанда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) EDCRUNCH-нің (https://2019.edcrunch.ru) алтыншы жаһандық конференциясы өтті. Биылғы жылдың тақырыбы – «Бүгілу нүктесі: адами капиталдан адами әлеуетке» деп аталады. Конференцияға 16 елден 4000-нан астам қатысушы және онлайн-көрермендер қатысты, 300 спикер баяндамалар жасады.

Конференцияда Педагогикалық шеберлік орталығы «Жеке тәсіл: тиімді оқыту үдерісінде әр оқушыны қалай тарту керек» деген тақырыпта шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағын Орталықтың тренерлері Сапура Альжановна Жолдасбаева мен Юлия Геннадьевна Мельникова өткізіп, қазақстандық мұғалімдердің оқыту үдерісінде табысқа жету жағдайларын жасауға бағытталған педагогикалық тәсілдердің практикалық қолдану барысын көрсетті.

Шеберлік сабағының форматы конференцияға қатысушылардың әрқайсысының практикалық бағытына қарай ерекше қызығушылықтарын танытты. Кері байланыста тыңдаушылар материалдарды тиімді бере білудегі тәжірибені ерекше атап өтті, қатысушылар арасында ойлау үшін ұсынылған кейстердің практикалық бағыттары туралы қызғылықты пікірталас өтті.


 09.10.2019     472

Тізімге кері қайту