Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен 2019 жылғы қаңтар айының 03-11 аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Өрлеу» БАҰО АҚ тренерлеріне «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында білім беру бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізуде. Семинар аясында 5 қаңтарда ПШО тренерлері «Өрлеу» БАҰО АҚ әріптестеріне «Жаңартылған оқу мазмұнын енгізу аясында саралап оқыту» тақырыбы бойынша фасилитацияланған сессия жүргізуде. 300 аса сессияға қатысушылар өздерінің кәсіби біліктіліктері мен шеберліктерін шебер қолдана отырып, педагогикалық идеяларды жандандырып, білім берудегі күрделі мәселелерді талдай отырып, тиімді шешім шығару үдерісіне тартылуда.


 05.01.2019     1683

Тізімге кері қайту