Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

28 желтоқсан 2018ж. Талдықорған қ. «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ мен Алматы облысының әкімдік арасындағы серіктес туралы меморандумға қол қойылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ басқармасының төрайымы К.Н.Шамшидинова мен Алматы облысының әкімі А.Г.Баталов Алматы облысының жалпы білім беру мектептеріне Зияткерлік мектептерідің тәжірибесін тарату туралы құжатқа қол қойды.

К.Н.Шамшидинова өзінің «Зманауи мектеп. Сын-тегеуріндері. Шешімдер» таныстырылымында ХХІ ғасыр үшін маңызды метатанымдық дағдыларды дамыту қажетілігіне ерекше назар аударып, білім беруді трансформациялаудың мысалдарын келтірді, сонымен қатар, оқытудың басты бағыттары, бағалаудың жаңа жүйесі мен жаңа буын мұғалімдерінің рөліне назар аударды.

Кездсуге Облыстық білім беру басқармасының басшысы Д.Х. Жунисов, Тәжірибе тарату департаментінің директоры Г.К.Балгабаева, Талдықорған қ. ФМБ НЗМ директоры С.Р.Умербекова, Талдықорған қ. Педагогикалық шеберлік орталық филиалының директоры Б.С. Оспанов және Алматы обылысының аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары қатысты.

Талдықорған қаласында қол қойылған Меморандум Назарбаев Зияткерлік мектептер мен жалпы білім беру мектептерінің арасындағы серіктестік эстафетасын жалғастырып, қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіруге және дамытуға жол ашады. 


 03.01.2019     1550

Тізімге кері қайту