Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

«Үздік желілік педагогикалық қауымдастық» Нұр-Сұлтан қаласы мектеп педагогтеріне арналған өңірлік интернет-байқау
 19.03.2020
«Үздік желілік педагогикалық қауымдастық» Нұр-Сұлтан қаласы мектеп педагогтеріне арналған өңірлік интернет-байқау
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагогтерін «Үздік желілік педагогикалық қауымдастық» өңірлік интернет-байқауына (бұдан әрі – Байқау) қатысуға шақырады.
Біліктілікті арттыру курстарының қашықтықтан оқыту форматына көшуі
 17.03.2020
Біліктілікті арттыру курстарының қашықтықтан оқыту форматына көшуі
Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2020 ж. 15 наурыздағы № 285) және ҚР БҒМ бұйрығының (2020 ж. 14 наурыздағы №108) негізінде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы педагогтердің біліктілігін қашықтықтан оқыту курстарын өткізеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті қызметкерлеріне арналған семинар
 27.02.2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті қызметкерлеріне арналған семинар
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлерін оқытудың іс-шаралар топтамасын өткізеді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы  К.Н. Шәмшидинованың курс тыңдаушыларымен кездесуі
 25.02.2020
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К.Н. Шәмшидинованың курс тыңдаушыларымен кездесуі
2020 жылдың 25 ақпанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К.Н.Шәмшидинова Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстарында білім алып жатқан 250 жалпы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.
«Информатика сабағында белсенді оқыту әдістері» онлайн курсын іске қосу
 25.02.2020
«Информатика сабағында белсенді оқыту әдістері» онлайн курсын іске қосу
Педагогтердің біліктілігін арттыруды қашықтықтан жүзеге асыру және онлайн оқытуды дамыту шеңберінде 2020 жылдың 24 ақпанында Педагогикалық шеберлік орталығы «Knowledge Engineering» ЖШС-мен бірлестікте «Информатика сабағында белсенді оқыту әдістері» онлайн курсын іске қосты.
Нұр-Сұлтан қаласы педагогтерінің Жапониядағы екінші білім беру туры сәтті аяқталды
 24.02.2020
Нұр-Сұлтан қаласы педагогтерінің Жапониядағы екінші білім беру туры сәтті аяқталды

2020 жылдың ақпан айының 17-сі мен 19-ы аралығында Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Жапониядағы білім беру туризмі» жобасы аясында «Сабақты зерттеу: жапон мектептерінің тәжірибесі» (Токио қ.) тақырыбындағы халықаралық семинарға Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беретін мектептерінің директорлар мен мұғалімдер делегациясы қатысты. Тренерлер Байгаринова Жанна мен Идришева Зухра делегацияға жетекшілік етіп, шараларды ұйымдастырды. Білім беру турының мақсаты жапондық білім беру жүйесінде Lesson Study (Сабақты зерттеу) ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін зерттеу болды.

Профессор Ерлан Мұхтарұлы Арынмен шығармашылық кездесу туралы
 21.02.2020
Профессор Ерлан Мұхтарұлы Арынмен шығармашылық кездесу туралы
2020 жылдың 20 ақпанында «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында барлық дербес ұйымның қызметкерлері Қазақстанның белгілі ғылым және қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Мұхтарұлы Арынмен кездесу өткізді.
Жаңалықтар 1 - 7 из 416 Начало Конец