Педагогикалық шеберлік орталығы

Журнал «Педагогический диалог» №2 (2021 год)

15.07.2021

  Оқырман назарына ұсынылған «Педагогикалық диалог» журналының бұл шығарылымы. «Жаңа шынайы өмірдегі білім беру» жобасы аясында ұлы педагог-ағартушы, ғалым, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған. Оның барлық еңбегі мен шығармашылығы кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра қалдырып, қазақ халқы тарихының алтын қорына енді.   «Ы. Алтынсарин идеяларының қазіргі заманмен үндестігі» айдарында Ы. Алтынсариннің алғашқы халық мұғалімі, Қазақстандағы мектептердің алғашқы ұйымдастырушысы және алғашқы педагог-теоретик ретіндегі қызметі туралы мақалалар жарияланды. Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеялары мен оның педагогикалық мұрасын зерттеу біздің авторлардың еңбектерінде көрініс тапты. «Құндылықтар және мектеп мәдениеті» айдарында адамның өмірлік жолына бағдар болатын құндылықтар мәселесі қарастырылады және бүгінде өзекті саналатын өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі оқытуды қолдауға, кәсіби мүмкіндіктерді дамытуға, жеке, әлеуметтік, моральдық және рухани қасиеттерді жетілдіруге ықпал етеді.    Бұл шығарылым оқырманды осы мәселелерге қатысты әртүрлі тәсілмен баурайды. Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Үндістан, Египет, Жаңа Зеландия елдерінің ғалымдары мен педагогтері жүргізген зерттеулер білім берудің дамуына, болашақ мектебінің негізгі құндылықтары мен мәдениетіне жаңа көзқарас ұсынады.


Возврат к списку