Педагогикалық шеберлік орталығы

Журнал «Педагогический диалог» № 4 (2020 год)

19.01.2021 «Педагогикалық диалог» журналының кезекті саны заманауи білім беруде әлеуетті мәселелердің бірі болып көтеріліп жатқан ауыл мектептерінің біліміне арналады. Көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан ақпараттық әлемде ауыл мектептерінің ілесе алмай жатқаны ақиқат. Ауыл мектептерінің қала мектептеріне қарсы бәсекеге шыдай алмай, көш соңында қалуының басты себептері – кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз ету сапасының төмендігі, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі және білікті мамандардың тапшылығы болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты Жолдауында қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының айырмашылығын азайтуды ұсынды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ауылдық мектептердің білім сапасын арттыру мақсатында «Ауыл мектебі» жобасын дайындап, бірнеше мектептерде тәжірибелік зерттеу өткізді. Оқырмандар бұл нөмірде осы зерттеудің нәтижелерімен, сонымен бірге Назарбаев Университеті зерттеушілерінің қазақстандық ауыл мектептері жөніндегі жұмыстарымен таныса алады. Одан басқа, Канада, Ресей, Қытай, Жаңа Зеландия, Үндістан ғалымдарының сол елдердегі ауыл мектептерінің білім беру саласындағы артықшылықтары мен кемшіліктері туралы зерттеулері қызық болары сөзсіз.

Возврат к списку