Педагогикалық шеберлік орталығы

Журнал «Педагогический диалог» № 1 (2020 год)

27.07.2020 Журналдың осы нөмірі «Эмоционалды интеллект» тақырыбына арналған. Мақала авторлары эмоционалды интеллектінің артықшылықтарын, тұлғааралық қарым-қатынастарды, физикалық және эмоциялық денсаулықты, сана-сезім деңгейін жетілдіруге бағытталған құрамдас бөліктерін дамыту әдістерін қарастырады. Нақты өмірлік ұстанымы бар табысты әрі салауатты өмір салтын ұстану эмоционалды интеллектіні әлемдік педагогикалық қауымдастықтың назарына тұрарлық етеді. Журналда Қазақстан, Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Мысыр, Гонконг, Италия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан ғалымдары мен педагогтерінің дарынды қалыптастыру мәселелері, жасөспірімдер мазасыздығының алдын алу, мұғалімдер мен оқушылардың дивергентті ойлауын, әлеуметтік және эмоциялық дағдыларын дамыту жөнінде ғылыми зерттеулері мен шолуларының нәтижелері ұсынылған. Бастауыш мектепте эмоциялық тәрбиені дамытудың практикалық тәжірибесі, сабақта пәндерді біріктіру арқылы эмоциялық мәдениетті қалыптастыру туралы мақалалар да берілген.


Возврат к списку