Педагогикалық шеберлік орталығы

«Импакт-факторы бар ғылыми мақаланы қалай дайындау керек?»

2021 жылдың 2 шілдесінде Педагогикалық шеберлік орталығында корпоративтік оқыту аясында «Импакт-факторы бар ғылыми мақаланы қалай дайындау керек?» тақырыбында вебинар болып өтті.

Спикер ретінде PhD, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Әлия Кужабекова шақырылды. Ғалымның шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен зерттеулер жүргізуде тәжірибесі мол, 50-ден астам ғылыми жұмыстардың, соның ішінде Халықаралық Scopus, Web of science деректер қорымен индекстелетін журналдарда жарияланған еңбектердің авторы болып табылады.

Әңгіме барысында спикер: «Ғылыми мақала деген не және оның құрылымы қандай? Мақала жазу үшін халықаралық (Батыс) журналды қалай таңдауға болады? Жариялау процесінің қандай кезеңдерін білу керек? Беделді басылым беттерінде жариялану мүмкіндігін қалай арттыруға болады?» деген мәселелерге ерекше назар аударды.

Іс-шараға 70-тен астам қызметкер қатысты. Нақты әрі мазмұнды жоспарланған вебинар көптеген пайдалы ақпарат берді. Тақырыптың өзектілігі, оқытудың практикалық сипаты қызметкерлердің ғылыми және зерттеу құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берді. 

Қатысушылар спикердің жұмысына ризашылықтарын білдіріп, жоғары бағалады 


 03.07.2021     936

Тізімге кері қайту