Педагогикалық шеберлік орталығы

Гиперреалист-мүсінші Айдос Есмағамбетовпен кездесу

«Шабыт» бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлерін мәдениет пен өнер саласындағы танымал қайраткерлермен таныстыруды жалғастыруда.

28 сәуір күні «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының және «Astana Musical» мемлекеттік театрының суретшісі Айдос Есмағамбетовпен онлайн-кездесу өтті. Жас мүсінші, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазын Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова ерекше ықыласпен қарсы алды.

Айдос Есмағамбетов - Қазақстандағы жалғыз гиперреалист-мүсінші, сонымен қатар суретші, актер, фотограф, блогер... Бұл - көпқырлы дарынның шағын бөлігі ғана. Ол өзінің керемет реалистік мүсіндері арқылы танымал.

Кездесу барысында суретші өзінің шығармашылық шеберханасын, жеке экспонаттармен жұмыс істеу үдерісін көрсетті. Айдос Әкімғалиұлының алғашқы жұмыстары – Нұрсұлтан Назарбаевтың, Абай мен Абылай ханның, Барак Обаманың мүсіндері де назардан тыс қалмады. «Мен елордадағы мұражайда жеке экспозиция құруды армандаймын», - деп мойындайды шебер. «Мен біздің елде гиперреализм өнерін дамыту үшін топ құрғым келеді».

500-ден астам қызметкер қонақты қызыға тыңдап, сұрақтар қойды.

Заманымыздың нағыз талантты суретшісіне шығармашылық табыс тілейміз.


 29.04.2021     512

Тізімге кері қайту