Педагогикалық шеберлік орталығы

«Физика сабағында белсенді оқыту әдістері» онлайн курсын іске қосу

Педагогтердің біліктілігін арттыруды қашықтан жүзеге асыру және онлайн оқытуды дамыту шеңберінде 2021 жылдың 15 қаңтарында Педагогикалық шеберлік орталығы «Knowledge Engineering» ЖШС-мен бірлестікте «Физика сабағында оқытудың белсенді әдістері» онлайн курсын іске қосты.

«Физика сабағында белсенді оқыту әдістері» онлайн курсы «Физика» пәнінен жалпыға міндетті орта білім берудің стандарттарына сәйкес үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленген. Курс физика пәні мұғалімдеріне, әдіскерлерге және білім сапасын артыру үшін физика сабағында белсенді оқуды ұйымдастыруға қызығушылық танытқан барлық тыңдаушыларға арналған.

Онлайн курста қарастырылатын белсенді оқу және оқыту әдіс-тәсілдері оқушылардың «Физика» пәнін оқуға қызығушылығы мен ынтасын арттырады, мұғалімдерге оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытуға қажетті құралдарды ұсынады. Курстың құрылымында теориялық және практикалық материалдармен қатар, өз бетінше оқуға арналған ресурстарға сілтемелер мен қосымша материалдар берілген.

Бұл курс барлық қызығушылық білдіргендер үшін «Аcademia.kz» порталында төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді: қазақ тілінде (https://academia.kz/kz/course/123), орыс тілінде (https://academia.kz/ru/course/122).


 15.01.2021     637

Тізімге кері қайту