Педагогикалық шеберлік орталығы

«Биология сабақтарында оқытудың белсенді әдістері» онлайн курсын іске қосу

Педагогтердің біліктілігін арттыруды қашықтан жүзеге асыру және онлайн оқытуды дамыту шеңберінде 2020 жылы 15 маусымда Педагогикалық шеберлік орталығы «Knowledge Engineering» ЖШС-мен бірлестікте «Биология сабақтарында оқытудың белсенді әдістері» онлайн курсын іске қосты.

«Биология сабақтарында оқытудың белсенді әдістері» онлайн курсы биология пәні мұғалімдеріне, магистранттар мен әдіскерлерге, биологияға және оны оқытуға қызығушылық танытқан барлық тыңдаушыға арналады.

Онлайн курс барлық оқушының пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру, білім беру үдерісіне тарту үшін оқытудың белсенді әдістерін таңдау, тәжірибеде қолдану және бағалау дағдыларын меңгертуге бағытталған.

Бұл курс барлық қызығушылық білдіргендер үшін «Аcademia.kz» порталында төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді: қазақ тілінде (https://academia.kz/kz/course/103), орыс тілінде (https://academia.kz/ru/course/104).


 16.06.2020     804

Тізімге кері қайту