Педагогикалық шеберлік орталығы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К.Н. Шәмшидинованың курс тыңдаушыларымен кездесуі

2020 жылдың 25 ақпанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К.Н.Шәмшидинова Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстарында білім алып жатқан 250 жалпы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Күләш Ноғатайқызы еңбек нарығының өзгерістерімен және адамдарды заманға сай жұмысқа дайындау үшін білім беру жүйесіне тиісті өзгертулер енгізу қажеттілігі туралы айтып берді. Білім беру жүйесінде жаңа міндеттерді анықтайтын PISA, ICILS, PIAAC халықаралық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Педагогикалық нанымдар, құндылықтар мен адамгершілік бағдарлар мұғалімнің кәсіби әлеуетін қалыптастырудың негізі болып табылатынын атап өтті. 

Кездесуде болашақ білім берудің негізгі трендтері талқыланды: оқыту үдерісін дербестендіру, оқушылардың бірегей ерекшеліктерін есепке алу, оқыту үдерісін ұйымдастырудың икемді механизмі, виртуалды инфрақұрылым және үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету.

Күләш Ноғатайқызы бүгінгі күні инфляцияға ұшырамайтын және әрқашан талап етілетін капитал ретінде идеяларды тудыра білуді дамыту маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Күләш Ноғатайқызы ауылдық мектептердің дамуы, білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру барысы, PISA мәселелерін зерттеу қажеттілігі, педагогикалық ұжымдар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру туралы басшылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.


 25.02.2020     509

Тізімге кері қайту