Педагогикалық шеберлік орталығы

НЗМ семинарларының бірінші аптасының қорытындысы бойынша тыңдаушылардың кері байланысы

НЗМ семинарларының бірінші аптасының қорытындысы бойынша тыңдаушылардың кері байланысы

2020 жылдың 6-31 қаңтар аралығында Түрікменстанның Ұлттық Білім беру институты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (НЗМ) әзірлеген және ЕҚ «Түрікменстанның білім беру жүйесін қолдау» жобасымен ұйымдастырылған екі семинар өткізді. Педагогикалық шеберлік орталығының 4 сертификатталған тренерлері 200 мектеп мұғалімін «Мұғалім тәжірибесін зерттеу» және «Критерийге негізделген білім беру жетістіктерін бағалау» бағдарламалары бойынша оқытты.

Біз мұғалімдерге кері байланысын ұсынамыз:

Байрамбибі Какаджикова, Балқан уәлайаты, Хазар қаласының №3 орта мектебінің тарих мұғалімі

«Осындай интербелсенді семинарға қатысуым бірінші рет. Тренерлердің материалды ұсыну жолы маған қатты әсер етті. Біз олар үшін «басты актерлерміз» және біз осы тәсілді мектепке алып баруымыз қажет. Мен үшін оқушының оқу үдерісінде басты орынға шығарылуы таңсық құбылыс. Ал мұғалім ретінде, біздің рөліміз оқушыны бағыттау, кеңес беру және олардың оқу үдерісін жетілдіру. Мені жаңа мүмкіндіктер таңғалдырып отыр».

Парахат Аннаурбанов,  Сакарчага уәлайаты № 32 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Менің жұмыс тәжірибем көп емес. Сондықтан мен үшін осындай жобаларға қатысу өте маңызды. Жазда мен ЕҚ жобасы ұйымдастырған семинарға қатысып үлгердім. Семинар өте пайдалы болды, онда алған білім маған болашақта білім беруде өз үлесімді қосуға мүмкіндік береді деп үміттенемін.

Семинарда мен оқытудың жаңа перспективалары мен тәсілдері туралы білдім: оқушының білімін тек қана баға арқылы бағалап қана қоймау керектігін. Бұл жерде бізге өзін-өзі бағалау, өз жұмысын бағалау және балаға қажетті ақпарат беру қабілеті көмектеседі.

Мен мұндай тәсіл өзгерістер мен инновациялардың өсу қарқынына сәйкес келетініне сенімдімін.

Жәмилә Гельдиева,  Мара уәлайаты, Байрамәлі шет тілдер техникалық институты орыс тілі пәні мұғалімі

Бізге үлкен жауапкершілік жүктелгенін ұмытпауымыз керек – жас ұрпақты халқымыз бен еліміздің өркендеуі үшін жұмыс істей алатындай етіп үйрету.

Халықаралық сарапшылар ұсынған жаңа әдістер, бағдарламалар мен тәсілдер бізден барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуді және креативтілікті талап етеді.

Курста берілген үлестіру материалы біздің күнделікті оқытуымызға  және алға қойған мақсаттарға жетуге өте пайдалы болды. Семинар барысында мен жаңа тәсілдермен танысып, жақсы және тереңірек түсіне бастадым. Енді мен нәтижелерді көру үшін алған білімін өз тәжірибемде сынап көруге тырыстым.

Менің ойымша, мұндай іс-шаралар, әсіресе жас мұғалімдер үшін жиі өткізілуі керек.


 15.01.2020     604

Тізімге кері қайту