Педагогикалық шеберлік орталығы

Ақтөбедегі «Мұғалімге арналаған каникулдық мектебі» жобасының соңғы маусымы

2019-2020 оқу жылының күзгі демалысында «Мұғалімдерге арналған каникулдық мектеп» өзінің төрт жылдық жобасын аяқтап, мәресіне жетті. Бұл жоба Ақтөбе қаласындағы ғылыми -тәжірибе орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қ. филиалы және Назараев Зияткерлік мектебінің қарым-қатынастық жоспары негізінде жүзеге асырылды және жаңартылған бағдарлама мазмұны енгізу бойынша мұғалімге әдістемелік көмек көрсету қажеттілігі негізінде пайда болды. Осы жоба аясында уақыт талабына, мұғалімдердің қажеттілігіне сай нақтыланған тақырыптар 5400 қатысушыларға 50 семинарда өткізілді.

«Мұғалімге мобильді көмек» атты жоба бұл жұмыстың жалғасы болады.

Биылғы жылдың соңғы маусымы Қобда, Хромтау, Мұғалжар аудандарының базасында "CLIL– ағылшын тілі мен пәндерді интеграциялаудың заманауи форматы"атты үш тілді бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұсынылды. Семинарға Ақтөбе облысының 12 ауданынан 283 педагог қатысты.

Ағылшын тілінің маманы, профессор Карен Террелдің курстарын аяқтаған ұстаздар өздерінің шеберлік сыныптарын өткізді. Осы шебер-кластарда қатысушылар өздерінің тілдік дағдыларын жетілдіріп, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында физика, биология, информатика және химия сабақтарында шет тілін қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.


 05.11.2019     1318

Тізімге кері қайту