Педагогикалық шеберлік орталығы

ТРЕНЕРЛЕРДІ КӘСІБИ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2018 жылдың 19-21 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясынан келген білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен тренерлерге арналған семинар өткізді.

Семинар аясында Халықаралық Академиялық Аккредитациялық және Аттестациялық Комитеттің (ХАААК) психология докторы, Skillfolio білім беру бағдарламасының директоры Виктория Александровна Шиманская, педагогика ғылымдарының докторы, Экономикалық жоғары мектебі ғылыми-зерттеу университетінің профессоры, «Мектеп директоры» журналының бас редакторы Константин Михайлович Ушаков, Экономикалық жоғары мектебі ғылыми-зерттеу университетінің басқару магистрі, «Директория» жүйесінің жетекшісі Антон Иванович Кухарев, биология ғылымдарының докторы, айрықша профессор, Экономикалық жоғары мектебі ғылыми-зерттеу университетінің Білім беру институтының лицейлік бағдарламасы жөніндегі ғылыми жетекшісі Наталия Вениаминовна Любомирская қатысып, дәрістер өткізді.

В.А. Шиманскаяның «Балалар мен жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектісін дамытудың әдістемесі мен практикасы. Болашақ дағдыны қалыптастыру» тақырыбындағы семинары тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды. Балалар мен жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектісін дамыту, жобалау тәсілдері арқылы оқытудың түйінді қағидаттары мен практикасы, SEL тәсілі қағидаты бойынша сабақты жоспарлау, балалар мен ата-аналар қатынасын құру және күрделі эмоциялармен жұмыс істеу мәселелерін талқылау белсенді түрде өтті.

Семинарда К.М. Ушаковтың «Ұйымның құрылымы мектептегі оқыту сапасын арттырудың ресурсы» тақырыбы бойынша білім беру сапасына ықпал ететін (Д. Хетти метаталдауының нәтижелері бойынша), ұйым құрылымын диагностикалау тәсілдері (кейсті қарау, деректерді талдау), «кураторлық модельді» мектептегі әдістемелік жұмыстың жаңа моделі ретіндегі факторлардың кешендері қарастырылды. Семинардың практикалық маңызы пайдалы болды.

Н.В. Любомирская ұсынған «Станциялардың ротациясы» моделін талқылау қызықты әрі пайдалы болып, тыңдаушылар көңілінен шықты. Семинарға қатысушылар сұрақтарға нақты жауаптар алды: аралас оқыту технологиясын пайдалану педагог стилін ауыстыра ала ма, аралас оқытуды пайдалана отырып, модульді қалай жоспарлауға болады деген сияқты басқа да сұрақтарға жауаптар берілді.

Жалпы алғанда, авторлық семинарлар оқу үдерісіне қатысушыларды тарта отырып, белсенді түрде өтті. Практикалық тәжірибе синергиясы мен терең теориялық білімдері арқылы спикерлер сындарлы диалог пен қатысушылардың өзара әрекетін тиімді ұйымдастыра білді.

Семинар соңында Виктория Александровна Шиманская семинарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар туралы жылы пікір білдірді: «Педагогикалық шеберлік орталығына осындай шараға шақырғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Орталық мамандарымен жұмыс істеу барысында кәсіби тренерлер мен Қазақстандағы мұғалімдер өздерінің жоғары деңгейлерін көрсетті. Білім берудегі негізгі қағидаларды, өзекті тәсілдер мен практиканы білуі олардың білім беру жүйесін дамытуына мүмкіндік береді, қысқа мерзімде ең жоғары көрсеткіштерге жетуі бізді таңғалдырды.

Әсіресе барлық қатысушыға ризашылығымды білдіре отырып, интербелсенді тренинг форматында өткен кездесулерді жоғары бағаладым, практиканың жоғары мүмкіндіктерін игергені қызықтырды. Қазақстанда құрылған әдістемелік тәсілдер мен практика әлемдік тәжірибе үшін де маңызды болып саналады. Бұдан былай ынтымақтастықпен жұмыс істей береміз деп сенеміз».

Педагогикалық шеберлік орталығы бұдан әрі шақырылған сарапшылармен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты.


 25.12.2018     2113

Тізімге кері қайту