Мекеменің қызметін ұйымдастырады және басқарады. Дара басшылық қағидаттарына сәйкес әрекет етеді және Мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғымен айқындалатын құзыретке сәйкес дербес шешеді.

Мекеменің қызметін ұйымдастырады және басқарады. Дара басшылық қағидаттарына сәйкес әрекет етеді және Мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғымен айқындалатын құзыретке сәйкес дербес шешеді.
Бөлім басшысы: Есенова Г.Ж.
тел: 8(7172)23-57-44
Жұмыстың негізгі бағыты
Мекеменің білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі саясатты анықтау.
Жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу;
Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, сараптау, апробациялау және тарату;
Ғылыми-практикалық зерттеулер, оның ішінде жоғары педагогикалық оқу орындарымен және қазақстандық және шетелдік жетекші білім беру мекемелерімен ынтымақтастықта жүргізу.
Бөлім басшысы: Карагозина М.И.
тел: 8(7172)23-57-43
Жұмыстың негізгі бағыты
Мекеме әзірлеген білім беру бағдарламалары бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында оқу процесін жүзеге асыру.
тел: 8(7172)23-57-42
Жұмыстың негізгі бағыты
Мекеме әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларын барынша іске асыру үшін мекеме тренерлерінің кәсіби білім, білік, дағды, әдістемелік құзыреттілік және педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мекемесімен іске асырылатын бағдарламалар аясында педагог қызметкерлердің әдістемелік құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігін дамыту мақсатында тренерлердің курстан кейінгі қолдау және тәлімгерлікті жүзеге асыруы үшін жағдай жасау.
Бөлім басшысы: Патуллаев С.К.
тел: 8(7172)23-57-54
Жұмыстың негізгі бағыты
Мекемені іске асыратын жобалардың сапасын басқару мақсатында курсалды, курстық және курстан кейінгі мониторингтік зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелері бойынша талдамалық қорытындыларды уақытылы ұсыну. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың отандық жүйесінің жай-күйі мен даму перспективаларын талдау, сондай-ақ білім беру жүйесі қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау мәселелеріндегі әлемдік үрдісті зерделеу.
Бөлім басшысы: Талипова Б.А.
тел: 8(7172)23-57-41
Жұмыстың негізгі бағыты
Мекеменің редакциялық-баспа қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Мекеме қызметінің негізгі бағыттары туралы қоғамды ақпараттандыру арқылы позитивті имиджді қолдау.
Бөлім басшысы: Пірмаханбет Ж.М.
тел: 8(7172)23-57-40
Жұмыстың негізгі бағыты
Мекеме қызметі шеңберінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту. Мекеменің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру. Қашықтықтан оқыту жүйесін әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу. Бірыңғай ақпараттық кеңістік пен компьютерлік техниканың үздіксіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
тел: 8(7172)23-57-39
Жұмыстың негізгі бағыты
Мекеме мен оның филиалдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мекеме жүзеге асыратын міндеттер мен функциялардың орындалуын құқықтық құралдармен қамтамасыз ету, кадр жұмысын қалыптастыру және іске асыру, ісқағаздарын жүргізу, мекеменің мұрағатын жүргізу, мекеме мен оның филиалдарының қызметін шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы: Жунусова М.Ж.
тел: 8(7172)23-57-48
Жұмыстың негізгі бағыты
Бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау тетігі арқылы мекеме қызметінің қаржылық тұрақтылығы мен экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы: Маликова А.М.
тел: 8(7172)23-57-47
Барлық шаруашылық операцияларын жаппай және құжаттық есепке алу жолымен ұйымның мүлкі, міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың реттелген жүйесін құру.
Бөлім басшысы: Есенгулова Ш.Ш.
тел: 8(7172)23-57-49
Жұмыстың негізгі бағыты
Заманауи жабдықтармен жабдықталған сапалы Полиграфия. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерін, оның филиалдарын, өкілдіктерін және еншілес ұйымдарын баспа алдындағы дайындықпен және әртүрлі полиграфиялық өнімдерді шығарумен қамтамасыз ету.