Педагогикалық шеберлік орталығы

Халықаралық танымалдық

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2015 жылдан бері Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының (WALS) мүшесі болып табылады.

2012 жылдан бастап қазақстандық мектептерде Жапонияда жасалған Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі пайдаланылады.

Қазіргі кезде кәсіби білім алу құралы ретінде Lesson Study (Сабақты зерттеу) көп елдерде қолданылады және де бұл бүкіл әлемдегі мұғалімдер ұжымдарына білім алушылардың кәсіби қоғамдастығына айналуға септігін тигізіп отыр.

2015 жылғы 24 қарашада Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының (WALS) жыл сайынғы халықаралық конференциясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы WALS кеңесінің құрамына кірді.

WALS (The World Association of Lesson Studies) http://walsnet.org/ Қоғамдастық оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында Lesson Study-ге (Сабақты зерттеу) бағытталған зерттеу мен іс-шараларды дамытуды көздейді. Ол өз мүшелері арасында зерттеу, өзара көмек және ақпарат алмасу саласында ынтымақтастық орнатуға арналған тұғыр ұсынады. Қауымдастық білім сапасын арттыру идеясын ұстанатын білім беру саласындағы зерттеушілер мен практиктерден құралған. 


Письмо.jpg


Білім беру бағдарламаларының Халықаралық сертификатталуы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Қазақстан педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының төрт білім беру бағдарламасын айғақтайтын нақтылы халықаралық сертификатын алды: «Тиімді оқыту», «Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы», «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалімнің көшбасшылығы», «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған бағдарламасы» Аккредитация, сертификация және ACQUIN сапасын қамтамасыз ету институты (Германия) арқылы жоғары бағасына ие болды. Сертификация аккредитациялау рәсімдеулеріне сәйкес келеді, бірақ та мұғалімдердің біліктілігін тағайындамайтын бағдарламаларға ғана қолданылады.

Білім беру бағдарламаларын сертификаттау педагогтердің кәсіби дамуы жүйесі бойынша халықаралық стандарттарға және сапа критерийлеріне сәйкес Қазақстанда алғаш рет жүргізілді.

Бағдарламаларды бағалау бойынша жүргізілген стандарттар сапаны қамтамасыз ету саясатын әзірлеуді және зерделеуді, бағдарламаны әзірлеу мен бекітудің ашықтығын әрі стандартталған рәсімдеулерді қамтыды, оқушыларды оқуға жұмылдыруды іске асыру, оқыту мен бағалау, тренерлер құрамының жоғары сапасы, ресурстармен қамтамасыз етілуі, тренерлердің үнемі кәсіби шеберліктерінің өсуі, ақпараттарды басқаруы, бағдарламаларды мониторингілеуі және оларды ұдайы жақсарту бойынша іскерліктері бағаланды.

Халықаралық сарапшылар бағдарламалардың сапа стандарттарына толық сәйкестігін, олардың тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия бойынша өзіндік мазмұнын әрі ұйымдастырудағы ерекшеліктерін атап өтті. Аталған бағдарлама бойынша мектеп мұғалімдері мен басшыларының табысты білім алуы мектептер мен бүкіл білім жүйесіндегі мәдениетті өзгертуге зор үлес қосатындығы айтылды.

Бағдарламалардың сертификаттаудан сәтті өтуі Орталықтың халықаралық нарыққа шығуына, жаңа мүмкіндіктерді ашуына, педагогикалық қоғамдастықтың зор сенімін арттыруына мүмкіндіктер береді.


cert1.jpg

cert2.jpg

cert3.jpg

cert4.jpg