Біздің топ
Рысқұлбекова Асима Дәулетбекқызы

Білімі:
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2000 ж.).
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, 13.00.01 - Жалпы педагогика, білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша аспирантура (2002-2005 ж.ж.).
Мамандығы: бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.
Жалпы өтілі: 17 жыл
Ғылыми-педагогикалық өтілі: 9 жыл
Біліктілігі: бастауыш сынып мұғалімі
Академиялық дәрежесі: педагогикалық ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми-тәжірибелік қызығушылығы:
Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары тыңдаушыларының зерттеу дағдыларын дамыту.
Ғылыми-тәжірибелік іс-әрекеті:
- ПШО-ның Алматы қаласындағы филиалында – аға менеджер, 2013 жылдан бастап.
- ҚР педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын Бағдарлама бойынша тренерлерді оқытуға арналған курсының тренері;
- Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру Бағдарламасы бойынша пилоттық мектеп мұғалімдеріне тренер;
- Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлік курсының тренері.
- Алматы қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалім тәжірибесінің өзгеруі» тақырыбында баяндама жасау.
- Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны бойынша 3 сыныптың «Информатика» оқулығына автор.
- Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны бойынша 3 сыныптың «Қазақ тілі» орыс сыныптары оқулығына автор.
Кәсіби дағдылары:
- Үздіксіз кәсіби даму
- Ұйымдастырушылық қабілеті
- Кәсіби сөйлеу мәдениеті
- Зерттеушілік дағдылары
Біліктілігін артыру және (немесе) кәсіби дайындығы бойынша мәліметтер:
- Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың екінші (орта), бірінші (ілгері) және үшінші (базалық) деңгейлер бағдарламалары бойынша тренерлерді оқыту курстары, Астана қаласы, 2012, 2013 ж.ж.
- Кембридж университетінің Білім беру факультетінің тренерлердің кәсіби біліктілігін арттыру курсы. Кембридж 2014 ж.
- Кембридж Халықаралық емтихандар кеңесінің Тренер сертификаты, 2014 ж.
- ICBT халықаралық бизнес-тренерлерді даярлау бағдарламасы. Астана, 2014 ж.
- Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мониторингіні ұйымдастыратын мамандардың біліктілігін арттыру курсы, Астана қаласы, 2015 ж.
- «Тренерлерді кәсіби дамыту» семинары, Астана қаласы, 2016 ж.
Марапаттары мен жетістіктері:
«Назарбае Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін берілген АЛҒЫС ХАТ. Астана, 2015 ж.
Басылымдары:
- А.Рысқұлбекова, С.Акишева. Болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары. Педагогикалық білім жетілдіру курсының бағдарламасы. Қазмемқызпу, 2013 ж.
- А.Рысқұлбекова. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру педагогикасы мен әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, Қазмемқызпу, 2013 ж.
Оқу-әдістемелік құралдар және ұсыныстар:
- Алимов А.К., Рыскулбекова А.Д., Сайпова А.А. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамытуға арналған әдістемелік ұсыныстар (бастауыш мектеп мысалында)».
- Рыскулбекова А.Д. авторлық бірлестікте. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы. Теория. Тәжірибе. Ойлар. 1-бөлім. Әдістемелік құрал.
- Ryskulbekova A., Khamitzhanova A. Kazakhstan CURRICULUM OF MULTILINGUAL EDUCATION OF KAZAKHSTAN. XІІІ международна научна практична конференция «найновите научни постижения - 2017» 15 - 22 март 2017 г. Volume 4 Педагогически науки. София «Бял ГРАД-БГ» OOД 2017.