Педагогикалық шеберлік орталығы

Результаты оnline марафона «Исследование в действии: опыт школьного тренера» для столичных школьных тренеров

Нұр-Сұлтан қаласының мектеп тренерлеріне арналған «Іс-әрекеттегі зерттеу: мектеп тренерінің тәжірибесі» атты On-line марафон қорытындысы 2019 жылы 22 сəуір мен 14 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласының мектеп тренерлері қатысқан «Іс-әрекеттегі зерттеу: мектеп тренерінің тәжірибесі» атты On-line марафон өз мәресіне жетті. Марафон «Facebook» әлеуметтік желісінде өткізілуімен ерекшеленді. Марафонның мақсаты мектеп тренерлеріне кәсіби құзыреттілігінің дамуы мен шығармашылық белсенділігін арттыруға ынталандыру болып табылады Марафон 3 кезеңмен өткізілді. Бірінші кезеңде On-line марафонға қатысуға ниет білдірген қатысушылар онлайн режимінде тіркелді. Екінші кезеңде Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері тарапынан зерттеу мәселелері бойынша вебинарлар циклі өткізіліп, мектеп тренерлеріне әдістемелік қолдау көрсетті. Өз тарапынан мектеп тренерлері өз тәжірибелеріндегі мәселелерді анықтап, іс-әрекеттегі зерттеулерін жүргізіп, нәтижесі бойынша есеп жинақтады. On-line марафон нәтижесінже қойылған талаптарды сақтаған 15 мектеп тренері, өздерінің жұмыстарын постер түрінде рәсімдеп, ақтық кезеңде бақтарын сынады. On-line марафон нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды: 1 орын: Карамурзина М.Ж., «Білім-инновация» лицей-интернаты (қыздар); 2 орын: 1. Айтмурзина Бакыт Касымовна, Абдрашева Қызғалдақ Орынтаевна, «Білім-инновация» лицей-интернаты (қыздар); 2. Шотпаева Алтынгуль Баxреденовна, № 64 мектеп- лицей; 3-орын: 1. Нурбекова Асемгул Казымбековна, №66 мектеп-лицей; 2. Медеубаева Шынар Толеевна, № 53 мектеп-лицей; 3. Сулейменова Жанна Сагидуллина, №72 мектеп-лицей.

Возврат к списку