Педагогикалық шеберлік орталығы

Семинар – совещания: Эффективная организация процесса критериального оценивания и обучения в Программе обновленного стандарта образования

 2017 жылдың 4 және 11 - ақпанында Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен ОҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында критериалды бағалауды және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында ОҚО бойынша Түркістан мен Арыс қалаларында, Сарыағаш, Сайрам, Шардара, Қазығұрт, Ордабасы және Төлеби аудандарында семинар-кеңес өткізілді.

     Семинар-кеңестің мақсаты  –  курстан кейінгі кезеңде әдістемелік қолдау көрсету.
    Семинар-кеңеске ОҚО білім басқармасының мамандары, Шымкент қаласындағы ПШО қызметкерлері, өңірлік және мектеп үйлестірушілері, 1-сынып мұғалімдері мен ата-аналар өкілдері қатысты. Жалпы облыс бойынша семинар – кеңеске қатысқан 2400 жуық педагог қызметкерлері мен ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсетілді.
    Семинар-кеңесте критериалды бағалау бойынша білім алушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы, жиынтық бағалау үдерісін басқару, ұйымдастыру, жоспарлауға қатысты туындаған мәселелер талқыланды. Семинар-кеңеске қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарының басым бөлігі оқушыларға ауызша және жазбаша кері байланыс беру, оқушы портфолиосы, бөлім/ортақ тақырып және тоқсандық жиынтық бағалау аясында жүргізілді. ПШО қызметкерлері әрбір қойылған сауалдарға толығымен жауап берді.
   

20170211_102048.jpg

 Кеңеске қатысушылардың берген кері байланыстарында өткізілген іс-шараның маңыздылығын, өзекті мәселелерге жауап алғандарын айтып өтті.
     Жалпы семинар-кеңес өз мақсатына жетті.

  Бұл іс-шаралар  облысымыздың Шымкент, Кентау қалалары, Мақтарал, Бәйдібек, және Созақ аудандарында 18.02.2017ж. жалғасын табады деп жоспарлануда.


Возврат к списку