Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

Негізгі мектеп педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы сертификатталған тренерлерімен Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы бірлесіп өткізген кездесу қорытындысы
Негізгі мектеп педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы сертификатталған тренерлерімен Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы бірлесіп өткізген кездесу қорытындысы

   Назарбаев Зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қаласындағы филиалында 2017 жылдың наурыз айының 31-ші жұлдызында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жаңартылған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру мекемелерінің «Негізгі мектеп» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы сертификатталған тренерлерімен Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы директоры Калғынбаева Жанар Сәкімбекқызы және орталық менеджерлері тарапынан болашақ тренерлерді қолдау, нормативтік құжаттарды нақтылау, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында курс алды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. 

«Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі»  тақырыбындағы дөңгелек үстел
«Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

   2017 жылдың 31-наурызында Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалы және физика-математика, химия-биология  бағыттарындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесе отырып, «Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі»  тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Оқу жылы барысында пилоттық сыныптарды бақылау нәтижесі арқылы дөңгелек үстелдің тақырыбы анықталды. Дөңгелек үстелге Түркістан қаласындағы №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы, Созақ ауданындағы «Созақ» мектеп- гимназиясы пилоттық мектептердің 2-ші сыныпқа сабақ беретін  42 мұғалімі және ФМБ, ХББ НЗМ-нен 8 мұғалім қатысты.

Облыстық семинар-кеңес: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында критериалды бағалауды және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру
Облыстық семинар-кеңес: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында критериалды бағалауды және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру

   2017 жылдың 4 және 11 - ақпанында Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен ОҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында критериалды бағалауды және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында ОҚО бойынша Түркістан мен Арыс қалаларында, Сарыағаш, Сайрам, Шардара, Қазығұрт, Ордабасы және Төлеби аудандарында семинар-кеңес өткізілді.

ОҚО-дағы жетекші мектеп директорларымен бірге өткізілген семинар – кеңес
ОҚО-дағы жетекші мектеп директорларымен бірге өткізілген семинар – кеңес

     Елбасы Н.Назарбаев: «Әлем шұғыл дамып келеді әрі жаңа мың жылдыққа қадам басқалы отыр. Ал Қазақстанның өткізіп алған уақытының орнын толтырып, ілгері кеткен өркениетті қуып жетуіне тура келеді. Бұл айтары жоқ, аса қиын міндет, алайда, егер  біздің үшінші сортты державаға  айналғымыз келмесе, бұдан басқа жолымыз жоқ» деген болатын. Президент белгілеп берген мақсатқа қол жеткізу, тек қана білім шыңын бағындырған ұрпақтың қолынан ғана келмек. Заман талабына сай сұранысы бар, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру біздің міндетіміз. "Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші бүгінгі бала – ертеңгі азамат.