Педагогикалық шеберлік орталығы

Глобальные ценности и качество казахстанского образования

Глобальные ценности и качество казахстанского образования 26 тамызда Павлодар қ. №25 орта мектепте Павлодар облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 4-сынып мұғалімдеріне және мектепалды даярлық топтары тәрбиешілеріне арналған білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің аймақтық секциясы болып өтті. Аталған іс-шараға Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінен 417 бастауыш сынып мұғалімі және мектепалды даярлық топтарының 207 педагогі қатысты. Пленарлық мәжілісте Павлодар облысының Білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы директоры А.А. Жакиенова құттықтау сөз сөйледі. Одан ары жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау жобасына қатысқан пилоттық Павлодар қ. №39 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Е.И. Булгакова «2019-2020 оқу жылындағы 4-сыныптағы жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында баяндама жасады. ПШО филиалының тәлімгер-тренерлері А.Р. Ибраева, Ю.Г. Мельникова, Қ.С. Альмагамбетов, И.И. Айдарханова және Б.Д.Нығметованың қолдау көрсетуімен пилоттық мектептердің мұғалімдері бастауыш сынып пәндерінің мазмұны мен критериалдық бағалау ерекшеліктері бойынша 19 шеберлік-сабағын өткізді. Секция жұмысының мақсаты білім мазмұнын жаңарту аясында 4-сыныптағы оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктеріне, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тиімді негізгі қағидаларын анықтауға бағытталған болды. Сонымен қатар, филиал тренерлерінің әдістемелік қолдау көрсетуі негізінде, мектепалды даярлық топтарының мұғалімдері үшін филиал тренерлері И.И. Айдарханова, Қ.М. Рахымжанова, Д.К. Тоганбекова және Е.Н. Беркетова секция жұмысы барысында «Мектепалды даярлық топтарындағы жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» және «4-К моделі негізінде білім беру үдерісін құру» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді. Секция жұмысы барысында Павлодар қ. Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған «Материалдарды жүктеу зонасы» жұмыс жасап, қатысушылар жаңартылған білім мазмұны бойынша ресурстарды алуына мүмкіндік жасалды. Әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шара жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру бойынша Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінің 4-сынып мұғалімдеріне және мектепалды даярлық топтары тәрбиешілеріне қолдау көрсетуге бағытталды.

Возврат к списку