Педагогикалық шеберлік орталығы

Региональный семинар «Критериальное оценивание учебных достижений учащихся в рамках обновленного содержания среднего образования»

Региональный семинар  «Критериальное оценивание учебных достижений учащихся в рамках обновленного содержания  среднего образования» 2019 ж. 27 ақпанда №2 Железин орта мектебінде шекаралық ынтымақтастық аясында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» ІІІ аймақтық семинар өтті.

Семинар жұмысына Железин ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары С.А. Гладышева, Железин ауданы білім беру бөлімі басшысының м.а. Н.С. Капаров, Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Черлак муниципалды ауданының білім бойынша Комитетінің төрағасы Н.А. Добровольская, №2 Черлақ орта метебінің директоры С.П. Трубаченко бастаған педагог ұжымы, Черлак гимназиясы және №1 Черлак орта метебінің директор орынбасарлары, «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ. филиалының тренерлері И.И. Айдарханова, Б.Д. Ныгметова, әдіскер-менеджері К.С. Альмагамбетов, Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» сарапшы мұғалімі О.М. Питюкова қатысты. Сонымен қатар аудан мектептерінің директорлары, орынбасарлары және пән мұғалімдері, жалпы саны 92 адам қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – аудан мектептеріне критериалдық бағалау жүйесін енгізуде әдістемелік көмек көрсету, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Жетекші мектептің тәжірибелерін тарату, зерттеуші педагогтердің педагогикалық тәжірибелерін тарату; Ресеймен шекаралас аудандар мектептеріндегі педагогтерге критериалдық бағалау жүйесін түсіндіру үшін «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ. филиалының тренерлерінің тәжірибеге бағытталған «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау» тақырыбындағы фасилитацияланған сабақтарын өткізу.

«Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ. филиалының менеджер-әдіскері К.С. Альмагамбетов мемлекеттік тілде оқытатын мектеп мұғалімдері үшін «Саралап оқыту білім сапасын артыру құралы ретінде» тақырыбында тренинг өткізіп, Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» сарапшы мұғалімі О.М. Питюкова тарих және география пәндерінің мұғалімдері үшін «Тарих және география сабақтарында қалыптастырушы бағалау стратегияларын қалай қолдануға болады?» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қатар Железин ауданы мектептерінің мұғалімдері Ж.С. Кайдарова, С.М. Минко, Г.В. Смердина, В.Д. Смирнов, Т.В. Склярова ашық сабақтар өткізді. Черлак ауданынан келген әріптестердің сұрауы бойынша «Таза жер», «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында патриоттық тәрбиелеуге бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар даярланды.

Семинар соңында қатысушылар негізгі сұрақтар бойынша пікір алмасып, сындарлы кері байланыс ұсынды. Ресейлік әріптестер семинар жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, педагогтер мен тренерлердің кәсіби біліктілігін ерекше атап өтіп, қазақстандық әріптестермен келешекте тиімді ынтымақтастықта жұмыс жасайтынына сенімділік білдірді.


Возврат к списку