Педагогикалық шеберлік орталығы

Эффективные подходы к планированию урока

Эффективные подходы к планированию урока 2019 жылдың 26 қаңтарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тəжірибесін тарату мақсатында Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің қолдауымен шаһардағы №36 лицей-мектебінде «Сабақты жоспарлаудың тиімді жолдары» атты ауқымды семинар-практикум өтті. Семинар мақсаты – білім беру жаңарту аясындағы саралап оқытуды және белсенді әдіс-тәсілдерді қарастыру. Семинарға ауыл, қала мектептерінен 260 мұғалім қатысты. Жиналған қауымды оқу бөлімінің әдіскерлері, №36 лицей-мектебінің директоры, НЗМ директорының орынбасары құттықтап, сәттілік тіледі. Іс-шарада «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының тренерлері, НЗМ мұғалімдерінің 12 адамнан құралған тобы өз тəжірибелерімен бөлісті.

Мұғалімдерге критериалды бағалау, соның ішінде қалыптастырушы бағалауды жүргізу, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды құрастырудың ерекшеліктері, сабақта тиімді саралауды жүргізу, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, CLIL техникаларын қолдану әдіс-тәсілдері үйретілді.

Филиал тренері Айдарханова И.И. және менеджер-әдіскері Альмагамбетов К.С. «Саралап оқытуды ұйымдастыру» атты тренингті өткізді, соның ішінде саралап оқытудың ерекшеліктері және іске асыру жолдары қарастырылды. «Белсенді оқыту қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбында өткізілген коучинг барысында білім беру аясындағы белсенді оқытудың мәні және іске асырудың қағидалары зерттелді. Екібастұз қ. жетекші мектептерінен келген мектеп тренерлері үшін шеберлік сабақтың нәтижесіне негізделіп, тиімді жұмысының тәсілдерін қарастыру мақсатында Дөңгелек үстел жүргізілді.

Әр пән бойынша секция жұмыстарында бастауыш сынып мұғалімдері, жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт мұғалімдері, мектеп тренерлері, CLIL бойынша жиналған мұғалімдер теориямен қатар тәжірибені ұштастыра отырып, өздеріне пайдалы ақпараттарды жинақтай алды.

Семинар-практикум соңында мұғалімдер тарапынан кері байланыстар беріліп, педагогтардың өзекті сұрақтар айқындалды. Мұғалімдер өткен іс-шараның өзектілігін, тәжірибелік бағытын және жағымды психологиялық ахуалды анықтады.


Возврат к списку