Педагогикалық шеберлік орталығы

Семинар-практикум: Дифференциация в обучении

Семинар-практикум: Дифференциация в обучении 2019 ж. 13 ақпанда Павлодар қ. №16 жетекші лицей-мектебінің базасында жаңартылған білім беру мазмұны аясында саралап оқыту арқылы сабақты тиімді өткізу мәселелері бойынша семинар-практикум өтуізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – саралап оқыту туралы мұғалімдердің түсінік аясын кеңейту, саралап оқытудың түрлері мен тәсілдерін қарастыру және оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар әзірлеу арқылы саралап оқытудың бір түрін тәжірибеде қолдану.

Семинар жұмысына №16 жетекші лицей-мектебінің 70 мұғалімі қатысты. Семинар барысында саралап оқытуды енгізудің мәселелері мен қиындықтары туралы сөз қозғалды. Педагогтер саралап оқыту ұғымын қарастырып, оқу үрдісіне саралап оқытуды енгізу тәсілдері ұсынылды. «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ. филиалының тренері Ю.Г.Мельникова сабақты жоспарлауда оқушылардың типологиялық және жеке-психологиялық ерекшеліктері негізінде жасалған диагностикалық карталарды қолдану мен есепке алудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін ұсынды.

Бірлескен талдау барысында мұғалімдер өздерінің әдістемелік бірлестіктерінде оқу мақсаттарына жетуді және сыныптың ерекшеліктерін есепке ала отырып саралаудың бір немесе бірнеше түрін енгізіп, тапсырмалар құрастырды. Педагогтер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, бір-біріне кері байланыс берді.

Семинар соңында қатысушылар өз мектептерінде саралап оқытуды енгізу мүмкіндіктері туралы сындарлы кері байланыс ұсынды. Алдағы уақытта саралап оқытуды тереңірек білу мақсатында әрбір әдістемелік бірлестік үшін семинарлар сериясын өткізу жоспарланды.


Возврат к списку