Педагогикалық шеберлік орталығы

Фасилитированная сессия: «Дифференциация в обучении»

Фасилитированная сессия: «Дифференциация в обучении» 2019 ж. 06 ақпанда Павлодар қ. №39 пилоттық мектептің базасында жаңартылған білім беру мазмұны аясында саралап оқыту арқылы сабақты тиімді өткізу мәселелері бойынша фасилитацияланған сессия өтуізілді. Күтілетін нәтижелер:  «Саралап оқыту» ұғымымен танысу;  Саралап оқыту тәсілдерін өз педагогикалық тәжірибесінде қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігін анықтау;  Саралап оқытудың тәсілдерін анықтау;  Оқу үрдісіне сараланған тапсырмаларды қосу тәсілдерін пайдалану.

Сессияға №39 пилоттық мектептің 40 мұғалімі қатысты. Сабақ барысында жалпы білім беретін мектепте саралап оқытуды енгізудің мәселелері мен қиындықтары туралы сөз қозғалды. Педагогтер саралап оқыту ұғымын қарастырып, сыртқы және ішкі сралаудың арасындағы айырмашылықтар белгіленіп, оқу үрдісіне саралап оқытуды енгізу тәсілдері ұсынылды. «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ. филиалының тренері Ю.Г.Мельникова сабақты жоспарлауда оқушылардың типологиялық және жеке-психологиялық ерекшеліктері негізінде жасалған диагностикалық карталарды қолдану мен есепке алудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін ұсынды.

Бірлескен талдау барысында мұғалімдер оқу мақсаттарына жетуді және сыныптың ерекшеліктерін есепке ала отырып саралаудың бір немесе бірнеше түрін енгізіп, тапсырмалар құрастырды.

Іс-шара соңында қатысушылар жалпы білім беретін мектепте саралап оқытуды енгізу мүмкіндіктері, сонымен қатар педагогтерге кездесетін қиындықтар туралы сындарлы кері байланыс ұсынды.


Возврат к списку