Педагогикалық шеберлік орталығы

Областной семинар для руководителей дошкольных учреждений и специалистов отделов образования

2019 ж. 21 мамырда «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ. филиалы базасында мектепке дейінгі ұйым басшылары мен білім бөлімдері мамандарына арналған «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жаңартудың өзектілігі және маңыздылығы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған іс-шараның мақсаты мектепке дейінгі ұйым басшылары мен білім бөлімдері мамандарын мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне өзгерістер енгізудің қажеттіліктерімен таныстыруға бағытталды. Семинарға 50 адам қатысты.

Филиал тренерлері А.Р. Ибраева және И.И. Айдарханова семинарға қатысушыларды Педагогикалық шеберлік орталығының жұмысының негізгі бағыттарымен, мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім беру жүйесін жаңартумен таныстырды.

Іс-шараның практикалық бөлігін Педагогикалық шеберлік орталығының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім беру бойынша сертификатталған тренерлері Қ.М. Рахымжанова, Е.Н. Беркетова және Д.К. Тоганбекова өткізді. Кездесу барысында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту аясында балалардың өмірде қажет дағдыларды игеруі мен жан-жақты дамуына ықпал ету бойынща қатысушылардың түсініктерін қалыптастырды. Семинар барысында қатысушылар күтілетін нәтижеге жету үшін бала-бақша жұмысы тәжірибесіне өзгерістер қажет екендігін түсінді. Облыс педагогтері курс Бағдарламасының түйінді идеяларымен танысып, сонымен қатар «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесіне өзгерту енгізу үшін не істеу және қалай істеу керек?» деген сұраққа жауап берді.

Өткізілген семинар білім мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесіндегі өзекті мәселелер мен тенденцияларды талқылап, осы бағытта алдағы уақытта жүргізілетін жұмысты жоспарлауға мүмкіндік берді. Аталған іс-шара соңында рефлексия жасалып, қатысушылар алда тұрған өзгерістердің маңызы зор екендігін атап өтіп, семинар жұмысы нәтижесінде өз мақсатына жеткенін білдіртті.


Возврат к списку