Ведущие школы – площадки обмена опыта
Ақтау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жоспарына сәйкес 2018 жылдың 20-26 қаңтар аралығында облыстық жетекші мектептер арасында «Үздік жетекші мектеп» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты жетекші мектептер арасында кәсіби тәжірибе алмасу, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді тарату.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Байқаудың I кезеңі сырттай өтті. Бұл кезеңде критерийлер негізінде жетекші мектептердің портфолиолары бағаланды. 26 қаңтар күні II кезеңге өткен 8 жетекші мектеп өз тәжірибелерімен, жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
Жетекші мектептердің жұмыстарын бағалау үшін әділ-қазылар алқа құрамында Облыстық білім беру басқармасының қызметкерлері, өткен жылғы «Үздік жетекші мектеп» байқауының жеңімпазы, Қарақия ауданындағы Құрық мектеп- гимназиясының үйлестірушісі болды.
Әділ-қазылар алқасының бағалауы нәтижесінде үш жетекші мектеп I,II, III дәрежелі дипломдармен, қалған 5 мектептер сәйкес номинациялар бойынша алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.