Педагогикалық шеберлік орталығы

Жаңалықтар

Жетекші мектептер- тәжірибе алмасу алаңы
Жетекші мектептер- тәжірибе алмасу алаңы

  Ақтау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жоспарына сәйкес  2018 жылдың 20-26 қаңтар аралығында облыстық жетекші мектептер арасында «Үздік жетекші мектеп» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты жетекші мектептер арасында   кәсіби тәжірибе алмасу, алдыңғы қатарлы  іс-тәжірибелерді тарату.

  Байқау екі кезеңнен тұрды. Байқаудың I кезеңі сырттай өтті. Бұл кезеңде  критерийлер негізінде жетекші мектептердің  портфолиолары бағаланды. 26 қаңтар күні II кезеңге  өткен 8 жетекші мектеп өз тәжірибелерімен, жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

  Жетекші мектептердің жұмыстарын бағалау үшін әділ-қазылар алқа құрамында  Облыстық білім беру басқармасының қызметкерлері, өткен жылғы «Үздік жетекші мектеп» байқауының  жеңімпазы, Қарақия ауданындағы Құрық мектеп- гимназиясының үйлестірушісі болды.

  Әділ-қазылар алқасының   бағалауы нәтижесінде үш жетекші мектеп  I,II, III  дәрежелі дипломдармен, қалған  5 мектептер сәйкес номинациялар бойынша  алғыс хаттармен және бағалы  сыйлықтармен  марапатталды.

Түпқараған ауданының мұғалімдеріне  әдістемелік қолдау  көрсетілді
Түпқараған ауданының мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілді
Түпқараған ауданының мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілді 17-ші қазан күні Түпқараған ауданы Ж.Мыңбаев атындағы мектепте «Критериалды бағалау- оқушы білімін нақты бағалау» тақырыбындағы аудандық семинар өткізілді. Бұл семинарға жетекші мектепке қолдау көрсету мақсатында Ақтау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері және жаңартылған білім беру мазмұнының іске асу үрдісімен танысу үшін ауданының 25 мектеп мұғалімдері қатысты. Семинар барысында мұғалімдер жаратылыстану және гуманитарлық бағытта сабақтарға қатысып, тәжірибе жинауға мүмкіндік болды. Семинар ұйымдастырушылар жаңартылған білім мазмұнына сай 1,2,5,7 сыныптардағы сабақтарда семинар бағдарламасында көрсетті. Барлық іс-шара барысында 8 сабақ және осы мектеп мұғалімдері Г.Байжан « Тарау бойынша жиынтық бағалау» және А.Абиева « Критерий арқылы бағалау» коучингтер өткізді. Семинар қорытындысын дөңгелек үстел түрінде Ақтау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері өткізді. Тренерлер іс-шараға, соның ішінде әр сабақ пен коучингке кері байланыс беріп, тиімді жақтары мен жақсартатын тұстарын белгіледі. Аудан мұғалімдерінің жаңартылған бағдарламаны іске асыруда пайда болған сұрақтарына жауап берілді. Ауданның білім үйлестіру орталығының ұсынысы бойынша семинарда үлгілі сабақ көрсеткен мұғалімдер марапатталды. Түпқараған ауданының мұғалімдері бұл іс-шараның пайдалы жақтарын айтып, өз тәжірибелерін жақсарту мақсатында мектепте ашық есіктер күнін ұйымдастыруға тілек білдірді.
Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибені дамыту құралы
Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибені дамыту құралы

Ағымдағы жылдың 4-ші мамырында Ақтау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы №21 жетекші орта мектебінде «Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибені дамыту құралы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинарға қатысушыларды - барлық  жетекші мектептердің өкілдерін Ақтау қаласының  Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Боранбаева Катира Карасаевна, қалалық әдістемелік бөлім меңгерушісінің орынбасары Имамбаева Ырыскул Абдугалиевна және мектеп директоры Сансызбаевна Сауле Сансызбаевна құттықтау сөзімен семинарды ашты.

ПШО тренерлері зерттеу түрлері,  компоненттері мен жариялау ережелері бойынша өткізген тренингтер өз жалғасын тапты.

Бұл іс-шара іс-әрекеттегі және сабақты зерттеу бойынша жұмыстардың презентациясы мен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Кейбір жетекші мектептердің  мұғалімдері  өз тәжірибесімен таныстырып, қызықты идеялар, амалдар мен қорытындыларымен таныстырды.  Зерттеумен айналысуға не түрті болғаны туралы айтты. Әр презентация дискуссиямен жалғасты, көптеген сұрақтарға жауаптар алынып, зерттеуді жақсарту бойынша идеялар ұсынылды. Бұл - Маңғыстау облысының мұғалімдері кәсіби тәжірибесін  дамыту қажеттілігін түсініп, оны күшейтуге бағытталғанын көрсетеді.

Семинарға  қатысушылар бұл тақырыптың оқу процесіне бел байлап кірісуіне ықпалын тигізеді, кәсібилікті дамытуға, пәндік және педагогикалық  білім мен біліктілігін, оқушылар туралы білімді дамытатынын атап көрсетті.

Жетекші мектептердің өкілдері  алдарында тұрған міндет – тәжірибелерімен бөлісу және  бекітілген мектептермен тығыз қарым-қатынаста болу қажет екенін  де белгіледі.

Оқыту мен оқу үдерісін көлденең және тік жоспарлауда саралауды іске асыру
Оқыту мен оқу үдерісін көлденең және тік жоспарлауда саралауды іске асыру

Ағымдағы жылдың 8-ші сәуірінде  Ақтау қаласының ПШО тренерлері Назарбаев зияткерлік мектебінің  дифференциация бойынша 12 координаторына   семинар ұйымдастырды. Бұл іс-шара ПШО мен НЗМ бірлескен жоспарын іске асыру мақсатында өткізілді. Семинар дифференциация туралы білімді жинақтап, оны енгізудегі мәселелерге  арналды. Көлденең және тік жоспарлау арқылы 9-шы сынып биология пәнінен құрастырылған тапсырма мысалында талдау жүргізілді. Бұл мысал жаңа идеялар мен пікір алмасуларға түрткі болды. Семинар барысында мұғалімдер тренерлердің жасаған көмекші құралдары негізінде  алгоритм бойынша тапсырмалар құрастырып көрді. Дифференциация бойынша қосымша мәліметтер де мұғалімдер үшін тиімді болды. Тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп өткізген тренинг қатысушылар үшін құнды тәжірибе болды. Семинардың тиімділігі дифференциацияны іске асыру бойынша креативті амалдармен кері байланыстан көрініс тапты. 

Lesson Study тәжірибеде
Lesson Study тәжірибеде

Қазіргі таңда қазақстандық мұғалімдерге сабақ сапасын  арттыруда Lesson Study- дің тиімді процесс екені анық.  Өздері де  Lesson Study қатысушылары болып отырып көздерін жеткізді.

Сабақты зерттеуге қатысу себептері, мұғалімдердің пікірі мен  сабақ зерттеуді жүргізуде көмек көрсету мақсатында  ағымдағы жылдың 25-ші науырызында Педагогикалық шеберлік орталығы  Ақтау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде  «Lesson Study тәжірибеде» атты  семинар өткізді.Бұл семинарға мектептің 32 мұғалімі белсене қатысты.

Бұл семинар  мұғалімдердің  тәжірибелері мен пікірлерін талқылау  алаңы түрінде болды.  Жұпта, кейін топта  сабақты зерттеуді  талдау арқылы  семинарға қатысушылар  жалпы мәселелер мен оларды  шешу бойынша идеяларды көре алды.

Семинар  барысында сабақты зерттеу туралы түсінікті  тереңдету үшін:

-         Оқу дағдыларын дамыту: эксплицитті және эмплицитті білімдер;

-         Lesson Study  қолдану тиімділігін  талқылау;

-         Lesson Study-ді  іске асыру.

Мұғалімдердің зерттеу сұрағы мен  зерттеуін қорытындылау туралы жаттығу тиімді болды. Дәлелдемелер пирамидасының  моделін жасау  ақпарат жинауды  сараптауға мүмкіндік болды. Осыдан  өздері үшін  зерттеу жүргізуде ең  күшті дәлелдемелер базаларын анықтады.

Семинар  соңында  мұғалімдер  тақырыптың жеке мұғалімдер және мектеп үшін өзекті екенің атап өтті. Сондай-ақ ПШО тарапынан  осы жұмысты  кәсіби  реттеуінің маңыздылығын  белгіледі. 

«Жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалауды тиімді ұйымдастыру мен  іске асыру»
«Жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалауды тиімді ұйымдастыру мен іске асыру»

2017 жылдың 10 – наурыз күні Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы «жетекші мектеп» - №14 - орта мектептің  базасында «Жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалауды тиімді ұйымдастыру мен  іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарды филиал директоры Қатира Қарасаевна кіріспе сөзбен бастап, семинардың мақсаты мен міндеттерін таныстырып, қазіргі таңда семинар тақырыбының өте өзекті екенін айтып, нәтижелі тәжірибе алмасуына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және  қосымша білім беру орталығы  директорының орынбасары Имамбаева Ырыскул Абдугалиевна семинар қатысушыларына бірлікте ұйымдастырылған семинардан жақсы тәжірибе алатынына сенімі мол екендігін айта отырып, белсене қатысуға шақырды.

Семинардың бірінші бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері (Ахметова Бану, Мусина Франгизя Маратовна, Нурмаганбетова Баян, Эзжанова Завреш Отузбайқызы) өз ашық сабақтарын беріп, қатысушылардан сындарлы кері байланыстарын алды.

Семинардың екінші бөлімінде баяндамалар, коучинг сессиялары мен тренингтер өткізілді. Мұғалімдер өз тәжірибелерін ортаға салып, талқыға салды. Осы жұмыстан кейін бастауыш сыныптар бойынша мектептен тартылған филиал тренерлері Жадько Ирина Викторовна, Коккозова Акерке Издибаевна шеберлік сыныптарын өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар «дөңгелек үстел» ұйымдастырылумен қорытындыланып, семинар қатысушылары өз кері байланыстырын берді.